2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
Саралжын ауылдық округі аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан және ауылдық округтің орталығы болып табылады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1723 адамды құрайды.
Ауылдық округ бойынша Қарақамыс аулында қазіргі таңда 1 наубайхана, 7 азық-түлік дүкені,2 тойхана, тұрғындарға қызмет қөрсетуде. Округте 1 (бір ) ЖШС, 24 (жиырма төрт)-ШҚ, 1 (бір) несие серіктестігі, 21 (жиырма бір) жеке кәсіпкер тіркелген.
Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.
Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.