2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
Қоскөл ауылы аудан орталығынан тікелей 60 шақырым, айналма жолмен 96 шақырым қашықтықта орналасқан және ауылдық округтің орталығы болып табылады. Халық саны 1064 адамды құрайды.
Жалпы, Қоскөл аулында қазіргі таңда 1 шаштараз, 1 етік жөндейтін шеберхана, 2 тойхана, 8 азық-түлік дүкені тұрғындарға қызмет қөрсетуде. Ауылдық округі бойынша 23 ШҚ, 3 «ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі» және 14 шағын кәсіпкер жұмыс жасауда. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі мал шаруашылығымен айналысу. Мал шаруашылығын қолдау бағытында берілетін демеу қаржыны «ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі», 9 шаруа қожалығы алып отыр.
Даму жоспары экономикалық қызметтердің, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.