2019-2021 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округін дамыту бағдарламасы

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Қаракөл ауылдық округі  аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан және ауылдық округтің орталығы Ақтай-сай ауылы болып табылады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 920 адамды құрайды

Ауылдық округ бойынша Ақтай-сай аулында қазіргі таңда 2 азық-түлік дүкені тұрғындарға қызмет қөрсетуде. Округте 23 (жиырма үш)-ШҚ,19 (он тоғыз) жеке кәсіпкер тіркелген.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Дата публикации
03 декабря 2019