"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулы жобасы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының
1- тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
  2. «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Карменов) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Р.Иманғалиевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
21 июня 2021