2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
Егіндікөл ауылдық округі аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан және ауылдық округтің орталығы болып табылады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1192 адамды құрайды
Ауылдық округ бойынша қазіргі таңда 1 тойхана, 4 азық-түлік дүкені тұрғындарға қызмет қөрсетуде. Округте 1(бір )
АӨК, 24 (жиырма төрт)-ШҚ, 21 (жиырма бір) жеке кәсіпкер тіркелген.
Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.
Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.