
Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов ауданымыздағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге жауапты мамандардың қатысуымен кеңес өткізді.
Жиын барысында А.Карменов «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне» енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, аталған кодекстің 2-тарау 6-шы тармақшасы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды назарға алумен қатар, осы бағытта тисіті шараларды қабылдау керек екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, кеңес барысында ауданымыздағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуін басты назарда ұстап, электронды негізде көрсетілетін қызметтерді алу жолдарын тұрғындарға түсіндіріп, насихаттау керектігінде атап көрсетті.