

Ағымдағы жылдың 9 наурыз күні аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов аппарат қызметкерлерінің бөлім басшыларымен мамандарының және дербес бөлім мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа редакцияда бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы ақпараттар беріліп, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйенің дамуындағы басым бағыттардың бірі екендігі айтылды
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттарында да қолданыстағы заңнамаларды, Ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі аталып өтілді.