Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда және тұрғындар арасында карантин режимі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мониторингтік тобын құру туралы

Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда және тұрғындар арасында карантин режимі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мониторингтік тобын құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, енгізілген карантин режимі кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жасау мақсатында:

1.щМеншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда және тұрғындар арасында карантин режимі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мониторингтік тобы құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2.щМониторингтік топ өз жұмысында Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларын басшылыққа алсын.

3.щАудан әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 201 «Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың карантин режимі талаптарының сақтауын бақылау бойынша мониторингтік топ құру туралы» өкімінің күші жойылсын.

4.щОсы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

 

 

Қ.Сүйеуғалиев

Аудан әкімінің 2021 жылғы «16 »

шілдедегі № 112 өкіміне қосымша

 

Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда және тұрғындар арасында карантин режимі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мониторингтік тобы құрамы

 

Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы

 

Аудан әкімінің орынбасары, мониторингтік топ жетекшісі

 

Сафуллин Нұртас Набиоллаұлы

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, топ жетекшісінің орынбасары

 

Топ мүшелері:

 

 

Серіков Айзат Серікұлы

 

 

 

 

 

 

Аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры (келісім бойынша)

 

Қыдырашев Рамазан Зинеденұлы

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы (келісім бойынша)

 

 

Марбанова Набира Оралбекқызы

Ауданы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас-инспектор заңгері

 

 

 

 

 

Есендосов Мербол Мағзомұлы

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

 

 

 

 

       

 

Тойшыбаев Асхат Жәнібекұлы

БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе аудандық филиалының директоры (келісі бойынша)

 

Ауылдық округ әкімдері

 

Ауылдық округтер бойынша учаскелік полиция инспекторлары

Дата публикации
02 августа 2021