"Қаратөбе ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулы жобасы

Қаратөбе ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда кызметін реттеу туралы" Заңына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратөбе ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасынасәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Ж.Асантаев

 

 

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылғы « » мамырдағы  №  қаулысына қосымша

Қаратөбе ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

 

№

Орналасқан орны

Алатын алаңы (м2)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Қаратөбе ауылы, Мұхит көшесі № 12 А

540 м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

жоқ

2

Қарақамыс ауылы, Б.Қаратаев көшесі, «Айгүл» дүкенінің жаны

12м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

жоқ

3

Ақтай сай ауылы, Қазақстан көшесі, № 16 үйдің жаны

50 м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

жоқ

4

Ханкөл ауылы, Жамбыл көшесінің бойы

400 м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

жоқ

 

5

Қоржын ауылы, Бейбітшілік көшесінің бойы, ауыз*су дүңгішегінің жаны

50 м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

 

 

жоқ

 

 

6

Егіндікөл ауылы, М.Маметова көшесінің бойы

50 м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

 

жоқ

7

Қалдығайты ауылы, Құнанбаев көшесі № 71, бұрынғы мешіттің жаны

1500 м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

 

жоқ

8

Қоскөл ауылы, Қаржауов көшесі № 11 А

1500 м2

Бөлшек сауда

1 жылдан бастап 5 жылға дейін

 

жоқ

 

Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Қаратөбе ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңын 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда кызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, аудан аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында   стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту  қажет. Бұл жерде, стационарлық емес сауда объектісіне инженерлік-техникалық қамтамасыз  ету  желілеріне қосылуының (технологиялық  біріктірілуінің)  болуына немесе болмауына қарамастан  жермен берік  байланысы жоқ  уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде  автоматтандырылған құрылғы немесе  көлік құралы жатады.

Осыған орай, Қаратөбе ауданы бойынша стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын  белгілеп және бекітуді ұсынып отырмыз.

 

Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің басшысы                                                                   М.Есендосов

 

 

Дата публикации
25 мая 2021