Қаратөбе ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Сессия төрағасы |
|
|
Мәслихат хатшысы |
|
Шешім жобасының қосымшасы құжаттарды жүктеу бөлімінде.
Түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" заңына сәйкес Қаратобе ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың (бұдан әрі – Жоспар) жобасы дайындалды.Жобаның мақсаты жайылымдық жер учаскелерінің тозбауын, мал өрісінің бағытын схемалар арқылы көрсету және мал басына шаққанда жер учаскелеріне жүктемелерін көрсету.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы"бұйрығы негізінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаратөбе ауданының жері жартылай қуаң болуына байланысты бір бас мал басына шаққанда ІҚМ-8,5 га, ҰМҚ-1,7 га, жылқыға-10,2 га. Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданында мүйізді ірі қара 34114 бас, ұсақ мал 76807 бас, 10150 бас жылқы саналады.
Ауданның ауылдық округтерінде жеке шаруашылықтардағы (елді мекендердегі) мал басының өсуіне байланысты жалпы көлемі 41430,8 га жайылымдық алқаптардың жетіспеушілігі байқалады.
Сонымен қатар, шаруа қожалықтарына қосымша 33883,3 га қажет болса, барлық аудан көліміндегі мал басына шаққанда 75314,1 га жайылымдық алқаптар жетіспейді.Бұл мәселелерді шешу үшін мемлекеттік қордан жайылымдық алқаптарды ұтымды бөлу және елді мекен, ауыл шаруашылық мақсатындағы және Қаратөбе ауданының қордағы жерлерінен бөлу есебінен ұлғайту қажет.
Күні бүгін мемлекеттік босалқы қорда 330760 га жайылымдық жер учаскелері бар.
Қаратөбе ауданының жер қатынастары
бөлімінің басшысы Н.Бозов