Баннер

##1424САLL-CENTER

##Ақжайық-адалдық алаңы

Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған жағдайда не істеу керек

Егер сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Бірыңғай байланыс орталық күн сайын тәулік бойы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 439-бабына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарында болып, халықтың сенімін ақтап, кәсіби мемлекетті құру жолында ең бастысы адалдық пен парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеу аса маңызды.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру және Агенттіктің

1424 Call-орталығы жұмысының танымалдылығын одан әрі арттыру мақсатында, ауылдық округтерде ақпараттық баннерлер орнатылды.

Дата публикации
14 мая 2021