Мүгедектігі бар азаматтардың санаторлы-курорттық емі

Қайырлы күн, оқырман!

Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.

📌Ең алдымен ХҚО-ның жеңілдік терезесіне кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;

📌Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;

📌ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:

📎Жеке куәлік;

📎Егер заңды өкілі жүгінген болса, мүгедектігі бар азаматтан сенімхат (нотариалды растау қажет емес);

📍Мүгедек азамат жайлы қажетті ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден  бірден енгізеді. ☝️Егер ақпараттық жүйеде мәлімет толық болмаған жағдайда келесі мәліметтерді қосымша талап етеді:

📎Мүгедектігіне байланысты құжаттар;

📎Жеке оңалту бағдарламасы әзірленген іс-шаралар туралы жазба көшірмесі;

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 10 жұмыс күні.

❗Есіңізде болсын!

Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешімімен тағайындалады.

Дендеріңіз сау болсын!

Дата публикации
19 февраля 2021