Асыраушысынан айырылғандарға беретін жәрдемақы

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз.

📌Әрине, ең алдымен ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;

📌Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;

📌ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:

📎Жеке куәлік;

📎Балалардың туу туралы куәліктері;

📎Отбасы асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік;

📎Егер жоғары оқу орнында оқитын балалар бар болса, оқу орнынан анықтама;

📎Әлеуметтік төлемдер түсуі үшін банк есепшоты жайлы құжат;

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 8 жұмыс күні.

❗️Есіңізде болсын!

✔️Бұл әлеуметтік төлем жоғарғы оқу орнында оқитын балалар 23 жасқа толғанға дейін, оқу орнынан жыл сайын анықтама ұсынылған кезде ғана төленеді.

✔️Ал жоғары оқу орнына түспеген балалар үшін төлем 18 жаста тоқтатылады.

 

💰Әлеуметтік төлем мөлшері отбасындағы бала саны, балалардың тұл жетім қалуларына байланысты және қайтыс болған адамның мәртебесіне (ҰОС ардагері, әскери қызметкер) қарай анықталады

Дата публикации
19 февраля 2021