Аумақтарды дамыту бағдарламасы мониторингі бойынша оперативтік есеп

Стратегиялық және  бағдарламалық  

құжаттардың

мониторинг бойынша

 әдістемелік нұсқаулығына

4-Қосымша

 

 

 

Аумақтарды дамыту бағдарламасы мониторингі бойынша

оперативтік есеп

       _______________БҚО Қаратөбе ауданының______________________

(облыс атауы, республикалық  маңызы бар қала,

аудан орталығы, облыстық маңызы бар қала)

_2016-2020  жылдарға

 

 

Есептік кезең

2020 жыл

Іске асыру кезеңі

2020 жыл

Мекеме

Қаратөбе ауданының экономика және қаржы бөлімі

 

(есеп беруді жасау және мониторингті өткізуге жауапты мекеменің атауы)

 

  1. Мақсатқа жету

Атауы

Өлшем бірлігі

2020 жылға жоспар

 

2020 жылға нақты дерек

Орындалуы туралы ақпарат

 

1

2

3

4

5

Бағыт 1. ЭКОНОМИКА

Бюджетке түсім

1.1 мақсат- Салық түсімдерін және міндетті салықтық төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ету, кіріс базасын ұлғайту

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

 

%

     100,6

 

 

 

 

 

 

 

    140,2

  2020 жылы салықтық түсімдер 418 187 мың теңгенің орнына 466 490 мың теңгеге немесе 111,6%, салықтық емес түсімдер жоспарланған      33 002 мың теңгенің орнына 58 675,5 мың теңгеге немесе 177,8% орындалды.

Өткен жылмен салыстырғанда  салықтық және салықтық емес түсімдер 140,2% орындалды.

                                                     Өнеркәсіп және инвестициялар

1.2 мақсат – Өңдеу өнеркәсібіндегі әртараптандыруды және бәсекелестікті өсіруді қамтамасыз ету

Нысаналы  индикатор:

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

 

%

110

280,7

        Статистикалық есеп бойынша  орындалды.

 

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі

    млн теңге

1007,5

     337,2

Статистикалық мәлімет бойынша 337,2 мың теңгеге орындалды. Карантин жағдайында көптеген кәсіптің  уақытша тоқтауына      байланысты  НИ орындалған жоқ.

Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлемінің индексі

 

Алдыңғы жылға %- бен

 

100,5

      127,3

 Орындалды.  Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлемінің индексі 2127 млн теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 127,3%.    

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобалардың жалпы санынан жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді талап етпейтін жобалар үлесі

%

 

 

0,5

 

        0

НИ орындалған жоқ. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобалар болған жоқ.

Агроөнеркәсіп кешені

 

Мақсат 1.3 – Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау

 

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің  (көрсетілетін қызметтердің) нақты  көлемінің индексі

 

Алдыңғы жылға %- бен

103,5

106,3

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 7 651,3 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 106,3%. НИ орындалды.

Ауыл шаруашылығына инвестициялар

млн.тенге

355

   505,9

Статистикалық есеп бойынша орындалды.

Шағын және орта бизнес, сауда

1.4 мақсат – Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру, кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі сауданың тұрақты дамуы

 

Нысаналы индикатор: Тіркелген  шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі

       бірлік

730

936

Статистикалық есеп бойынша орындалды.

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі  субъектілерінің  үлесі

%

94,7

95,7

Статистикалық есеп бойынша орындалды.

Шағын және орта бизнес өнім өндірісінің көлемі

млн тенге

1700

2305

Статистикалық есеп 3- тоқсан бойынша 2 305  млн теңгеге орындалды. Жылдық есеп 2021 жылдың наурыз айында шығады.   

Бағыт 2: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

                                                                      Білім беру

2.1 мақсат – Білімнің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтары және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

Нысаналы индикатор: Жұмыс істеп тұрған апатты және үш аусымды мектептер саны

 

 

 

 

бірлік

0

0

 

Аудан бойынша 19 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Апатты жағдайдағы және үш аусымды мектептер жоқ.

 

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

 

 

 

%

 

100

100

Орындалды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы 687 баланың барлығы мектепке дейінгі біліммен қамтылып отыр.

                                                                      Денсаулық сақтау

 

2.2 мақсат - Халық денсаулығын жақсарту.

 

Нысаналы индикатор:

Аналардың өлім-жітімі

тірі туған 100 мың балаға шаққандағы жағдайлар саны

0

0

Орындалды.2020 жылы ана өлімі тіркелген жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нәресте  өлім-жітімі

1000  тірі туылғанға

5,6

9,7

 Орындалған жоқ. 2020 жылдың 12 айында дүнеге келген сәби 307,3 нәресте өлімі тіркелді немесе 9,7%. Жоғарыда көрсетілген 3 нәресте өліміне талдау жасасақ 3 жағдайда- перинаталдық патология бойынша тыныс алу бұзылуының синдромы (СДР) , күні жетпей туылуынан (недоношенность) болып отыр

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

2.3 мақсат – Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі.

Нысаналы  индикатор:

Жұмыссыздық деңгейі

%

6,4

 

2021 жылдың наурыз айында статистикалық мәлімет бойынша анықталады.

Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі

%

         30

32,2

2020жылы АӘК-тің шартты түрі 749 адамға тағайындалды, соның ішінде адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі

%

        76

89,5

2020 жылы жұмыспен қамту орталығына 19 мүгедек жүгініп, соның ішінде 17 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар үлесі

%

19,2

 

2021 жылдың наурыз айында статистикалық мәлімет бойынша анықталады.

Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрлымы объектілерінің үлесі

                %

       100

    100

Аудан бойынша 103 нысан паспортталған. Паспортталған нысандардың ішінен 55 нысан бейімделуге жатады Барлық нысандар бейімделген, мүгедектерге қол жетімді обьектілердің үлесі 100  %.

Мәдениет

2.4 мақсат – Аймақтың тарихи-мәдени мұрағатын сақтау, отандық мәдениет және өнерді кең насихаттау

Нысаналы индикатор: 1000 адамға шаққандағы кітапханаларға келушілердің (келу) орташа  саны

 

 

 

 

адам

 

 

 

446

     447

      Орындалды. 1000 адамға шаққандағы кітапханаға келушілер қатары 6880.

                                                        Дене шынықтыру және спорт

 

Мақсат 2.5 – Жаппай спортты және жоғары нәтижелер спортын дамыту

Нысаналы индикатор:

1000 адамға арналған халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі

%

82,3

83

Орындалды. Спорт инфрақұрылымдарының көлемі 1015,9. 1000 адамға арналған халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 83%.

БАҒЫТ 3.  Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

Мақсат 3.1 – Азаматтардың өмірінің, денсаулығының, құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің әлеуметтік қабылдауға болатын деңгейін жасау және ұстау

Нысаналы индикатор:

10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі

%

          75

60,2

  Барлық тіркелген қылмыстар саны 93. 10 000тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі 60,2%. НИ орындалды.

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі

%

5,9

3,2

Көшеде жасалған қылмыстар боынша 3 қылмыс тіркелді. НИ орындалды.

 

 

Бағыт 4: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

                                   Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

4.1 мақсат – Қалың жұртшылықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор: Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы

 

 ш. м

      2358

7019

НИ орындалды. 7019 ш.м  тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

%

0

0

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі немесе орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету

%

33

33

Кондоминум обьектілерінің саны -6. Оның ішінде 2013-2016 жылдары күрделі жөндеу жүргізілгені-3. Апатты жағдайда-1, Күрделі жөндеуді қажет ететін обьект саны -2.

Халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы

%

 

 

 

 

 

91,3

 

 

 

 

 

    91,3

2020 жылдың 1 қаңтарына халық саны 15 025. Оның ішінде орталықтандырылған сумен 13 843 адам қамтылған. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендегі тұрғындардың үлесі 91,3% құрайды.

Орталықтандырылған суға қосылған ауылдық елді мекендердің саны

бірлік

 

13

 

13

Ауданда 22 ауылдық елді мекен бар. 13 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

  Бағыт 5.  ЭКОЛОГИЯ

Мақсат 5.1 – Ауданның ормандылығын ұлғайту және қоршаған ортаның сапасын жақсарту. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану

Нысаналы индикатор: Халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту

 

 

 

%

69

69

2020 жылы аудан бойынша 34 дана пластик құтыларды жинауға торлы контейнер, 145 дана қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлшекетеп жинауға арналған контейнерлер бар.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі

%

1,7

1,7

2020 жылы аудан бойынша 450 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды, соның ішінде (1,7 пайызы) қайта өңдеуге жіберілді.

Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)

%

0

0

Экологиялық талаптар мен санитарлық  қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру орындары жоқ.        

           
  1. Іс шараларды іске асыру

№

Іс - шаралар

Аяқталу түрі

Орындауға жауаптылар

Орындмерзімдері

Орындалуы туралы ақпарат

 

 

1

2

3

4

5

6

 

1

Кәсіпкерлер арасында семинар-трингтер

ұйымдастыру

ақпарат

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

2020 жыл

 

Кәсіпкерлер арасында семинар –тренигтеррі өткізілді

 

2

Алкоголсыз сусындар өнімін өндіруді жүзеге асыру

 

 

есеп

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

2020 жыл

Аудан орталығынан минералды су мен алкоголсіз сусындар шығаратын завод іске қосылып сусын өндіру 200 млн теңгені құрады.

 

3

Ауыл шаруашылықтарына жаңа техникалар алу, асыл тұқымды мал сатып алу арқылы инвестициялық салымдарды ұлғайту

 

 

Жылдық есеп

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

2020 жыл

Аудан шаруашылықтары РБ 505,9 млн.теңгеге ауылшаруашылық техникалары және асыл тұқымды мал сатып алынды

 

4

 

 

 

 

 

Қаратөбе ауылынан алкоголсіз  сусындар шығаратын зауыт ашу

 

 

ақпарат

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

2020 жыл

Қаратөбе ауданы орталығынан минералды су мен алкоголсіз сусындар шығаратын завод іске қосылды. «NazelProduct»ЖШС (Қожамұратов Қ.Қ) Жоба құны 200 млн.теңге.

 

5

Автокемпинг жанынан газ және жанар-жағар май бекетін ашу

 

 

 

ақпарат

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

2020 жыл

Жоба құны 150 млн.теңге, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, орындалды

 

6

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне қолдау көрсету, сонымен қатар жаңа инвестициялық жобаларды және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру

 

 

 

 

ақпарат

 

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

2020 жыл

Жаңа  инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, 3 жаңа жобаның құрылыстары аяқталуға жақын.

 

7

Амбулаторлық деңгейде ұрпақ өрбітуге қабілетті жастағы әйелдерді тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету

есеп

Аудандық орталық аурухана

2020 жыл

Диспансерлік есепте тұрған  ұрпақ өрбітуге қабілетті жастағы әйелдердің тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, ЖБ - 0,32 млн тенге қажы бөлініп игерілді.

 

8

Амбулаторлық деңгейде 5 жасқа дейінгі сәбилерді тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету

есеп

Аудандық орталық аурухана

2020 жыл

Амбулаторлық деңгейде 5 жасқа дейінгі сәбилерді  ауырған жағдайда тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Жұмсалған қаржы – ЖБ 1,5 млн теңге

 

9

Қауіпсіз аналық, тиімді перинаталдық технологиялар және балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу бойынша каскад әдісімен оқыту

ақпарат

Аудандық орталық аурухана

2020 жыл

 

2020 жылдың 12 айында кесте бойынша 4- медицина қызметкерлері оқытылды

 

10

Тәуелсіз сарапшыларды тартумен ана және нәресте өлімінің әрбір  жағдайы бойынша сараптама жүргізу

 ақпарат

Аудандық орталық аурухана

2020 жыл

 

Әрбір болған  жағдайға талдау жасалып болдырмау мақсатында сараптама жүргізілді.

 

11

Босандыруға жәрдемдесу ұйымдарында ана өлімінің және акушерлік асқынулардың қиын жағдайларына құпия аудит жүргізу

ақпарат

Аудандық орталық аурухана

2020 жыл

 

Амбулаториялық деңгейде босандыруға дайындық мектептерінде  кесте бойынша сабақтар өткізіледі.

 

12

Жарақаттанулар  және отбасында баланың болу қауіпсіздігінің профилактикасы  бойынша ақпараттық-түсінік және үгіт жұмыстарын жүргізу

 

 

 

 

   ақпарат

Аудандық орталық аурухана

2020 жыл

Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанулар

ының  алдын-алу мақсатында айлық өткізілді. Медицина қызметкерлері

 әрбір үйге,көшеге рейдтер жүргізіп, сауалнамалар толтырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

13

Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу

 

 

 

 

     есеп

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімі

2020 жыл

Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 7900 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

 

 

14

NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар

 

 

 

 

     есеп

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімі

2020 жыл

Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға 107200 мың теңге жұмсалды.

 

15

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге

 

 

 

 

     есеп

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімі

2020 жыл

2020жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 82 500 мың теңге бөлініп, игерілді.

 

16

Аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру

 

 

 

 

     есеп

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі

2020 жыл

 

 

2020 жылы аудандық кітапханалардың кітап қорын толықтыру үшін 515,4 мың теңгеге 161 кітап алынды.

 

17

Аудандық, облыстық, республикалық және бұқаралық спорттық жарыстар өткізу

 

 

 

 

  ақпарат

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі

2020 жыл

2020 жылы аудан бойынша 1488 мың теңгеге 14 спорттық іс-шаралар өткізілді.

 

18

Облыстық және  ауданаралық  жарыстарға әр түрлі спорт түрі бойынша аудандық  командалар мүшелерінің қатысуы

 

 

 

  ақпарат

   

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі

2020 жыл

Облыстық және ауданаралық жарыстарға әр түрлі спорт түрі бойынша аудандық командалар мүшелерінің қатысуы үшін 2129 мың теңге бөлініп игерілді

 

Выполнено.

В 2012 году предложения разработаны и

направлены в Управление предпринимательства и промышленности ЗКО.

19

Мүгедектердің қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізу

 

 

 

 

  ақпарат

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі

2020 жыл

Ауданымыз бойынша мүгедектердің қатысуымен 1 спорттық іс-шара өткізуге, 15 мың бөлініп игерілді.

 

20

Көшеде және қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру

 

 

 

 

  ақпарат

Аудандық ішкі істер бөлімі

2020 жыл

«Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік», «Құқықтық тәртіп»,  «Учаске» т.б жедел профилактикалық іс-шарлары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалдар жарияланды.

 

21

Жол қозғалысы жас инспекторларының қозғалысын жандандыру, балалар арасында жол көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған аудандық  іс-шаралар өткізу

 

 

 

 

ақпарат

Аудандық ішкі істер бөлімі

2020 жыл

«Автобус», «Абайлаңыз балалар» және «Қауіпсіз жол» іс-шаралары өткізілді. Жол қозғалыс ережелерін сақтау мақсатында білім беру мекемелерінде кездесулер өткізілді.

 

22

Батыс - Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, "Темірауыл-2" тұрғын кешеніндегі 67 бірпәтерлі тұрғын үйлердің  құрылысы (сыртқы инженерлік желілірсіз және абаттандырусыз)

 

 

 

 

 

    есеп

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

2020 жыл

2020 жылғы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыдан 547,9 млн теңге толығымен игеріліп, 67 бір пәтерлі тұрғын үйқұрылысы аяқталды..

 

 

23

Ауылдық елді мекен көшелеріне  қосымша тұрмыстық қалдықтар жинайтын контейнерлер орнату

 

 

 

 

ақпарат

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2020 жыл

Аудан бойынша 34 дана пластик құтыларды жинауға торлы контейнер, 145 дана қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлшектеп жинақтауға арналған коньейнерлер бар.

 

 

 

24

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату  үшін жинау  (лампочка, темір,қағаз қалдықтары)

 

 

 

 

ақпарат

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2020 жыл

2020 жылы аудан бойынша 450 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды, соның ішінде (1,7 пайзы) қайта өңдеуге жіберілді.

 

 

 

Қаржы қаражатының игерілуі

Қаржыландыру

көзі

Жоспар,          

млн теңге

 

Нақты дерек,  

млн теңге

 

Пайдаланылмау

себебі

1

2

3

4

РБ

 

688,7

688,7

 

ЖБ

 

568,6

568,6

 

БК

 

           550

              550

 

Барлығы

 

1807,3

1807,3

  

                  

 

 

 

 

 

 Талдамалы жазбахат.               

2016-2020 жылдарға арналған Қаратөбе  ауданының аумағын  дамыту бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы №40-2 шешімімен бекітілді (аудандық мәслихат сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 8-2 шешімімен, 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-14 шешімімен, 2019 жылғы 25 желтоқандағы №37-5 шешімімен, 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №53-9 шешімімен), өзгерістер енгізілді.

         Бағдарламаны  іске асыру мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған іс шара жоспары әзірленді. Аудан әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 21 шешімімен бекітіліп, (2016 жылдың 30 желтоқсанындағы №28 шешімімімен, 2018 жылғы 10 қаңтардағы №3 шешімімен, 2020 жылғы 20 қаңтардағы №1 шешімімен) өзгерістер енгізілді.

Бағдарламаны іске асыру үшін 2020 жылға  1 807,3 млн.теңге қаржы жоспарланды.

  1. Мақсатқа қол жеткізу.

Бағдарламада 5 бағыт 12 мақсат, 31 нысаналы индикаторлар  көзделген.

2020 жылы 12 мақсат, 25 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 3 индикатордың орындалуы наурыз айында статаистикалық жылдық есеп қорытындысымен анықталады, 3 нысаналы индикатор орындалған жоқ.

  1. Бағыт: Экономика.

1 бағыт бойынша Бағдарламада 4 мақсат, 10 нысаналы индикаторлар  көзделген.

Есеп мерзімі кезеңде 4  мақсат, 7 нысаналы индикаторға  қол жеткізілді, 1 индикатордың орындалуы наурыз айында статаистикалық жылдық есеп қорытындысымен анықталады, 2 индикатор орындалған жоқ.

1.1 мақсат бойынша жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 140,2% орындалды.

 1.2 мақсат бойынша 4 нысаналы индикатор жоспарланып 2 нысаналы индикатор  карантин жағдайында көптеген кәсіптің уақытша тоқтауына байланысты  орындалған жоқ.

 1.3 мақсат бойынша  2 нысаналы индикатор жоспарланып орындалды.

 1.4 мақсат бойынша  жоспарланған 3 нысаналы индикатор көрсеткіштерінің 2-уі орындалды.       

«Шағын және орта бизнес өнім өндірісінің көлемі» 1700 млн теңгеге жоспарланды,   2020 жылдың қорытындысы наурыз айында статаистикалық есеп бойынша анықталады.

  • бағыт. Әлеуметтік сала.

 2 бағыт бойынша  Бағдарламада 5 мақсат, 11 нысаналы индикатор  көрсеткіші көзделген.

2020 жылға  5 мақсат және 8 нысаналы индикаторға қол жеткізілді,  1индикатор орындалған жоқ, 2 нысаналы индикатор  2020 жылдың қорытындысы наурыз айында статаистикалық есеп бойынша анықталады.

          2.1 мақсат бойынша,  «Білімнің сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың  құқықтары және  заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру»    2 нысаналы индикатор жоспарланып орындалды.

Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен 25 мекеме жұмыс жасады: 8 балабақша, 4 мектеп балабақша, 13 шағын орталықта барлығы 687 бала тәрбиеленді.

 Ауданда 19 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды: олардың 1-уі бастауыш, 5-і негізгі, 13-і жалпы орта білім беретін мектептер. Оқушы контингенті жалпы 2526 оқушы білім алуда.

          2.2 мақсат бойынша  «Халық денсаулығын жақсарту» жоспарланған 2  нысаналы индикатордың 1-уі орындалды. Нысаналы индикатор: «Нәресте өлім-жітімі» 1000 тірі туылғанға есептегенде  5,6% жоспарланып 9,7% орындалды. 2020 жыл бойынша 307 нәресте дүниеге келіп, 3 нәресте өлімі тіркелді.

Қаратөбе ауданыныда денсаулық саласы бойынша 18 обьекті бар. Соның ішінде 1-орталық аурухана, 5-дәрігерлік амбулатория, 3-фельдшерлік-акушерлік пункт, 9-медициналық пункті бар, 23 дәрігер, 118 орта буынды медицина қызметкерлері   қызмет етеді.

 2.3 мақсат бойынша «Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі» 5 нысаналы  индикатор   көрсеткіші жоспарланып, 3 -уі орындалды.

«Жұмыссыздық деңгейі» - 6,4%, «Өзіні-өзі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі» - 9,6% жоспарланып, орындалуы наурыз айында статистикалық есеппен анықталады.

   2.4 мақсат бойынша        «1000 адамға шаққандағы кітапханаларға келушілердің (келу) орташа  саны» 1 нысаналы  индикатор көрсеткіші  446 жоспарланып қол жеткізілді немесе 447 адамды құрады.

 2.5 мақсат бойынша «1000 адамға арналған халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» 1 нысаналы индикатор көрсеткіші 82,3% жоспарланып 83% орындалды.

3бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

3.1 мақсат бойынша «Азаматтардың өмірінің, денсаулығының, құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің әлеуметтік қабылдауға болатын деңгейін, жасау және ұстау» 2 нысаналы индикатор көрсеткіші  жоспарланып, 2 орындалды. Нысаналы индикатор  «10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі» 75%  жоспарланып 60,2 % орындалды.  «Көшелерде жасалған қылмыстар үлесі» - 3,2%.

                      4бағыт. Инфрақұрылым.       

АДБ  бағыты бойынша  1 мақсат, 5 нысаналы индикатор жоспарланып, қол жеткізілді.

         4.1 мақсат бойынша            «Қалың жұртшылықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету» 1 мақсат, 5 нысаналы индикатор жоспарланып, орындалды. «Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы» - 7019 ш.м, «Халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы» -91,3%,  «Орталықтандырылған суға қосылған ауылдық елді мекендердің саны»-13.

           5.бағыт. Экология        

5.1 мақсат бойынша  «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту, орман шаруашылығын арттыру. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану» 3 нысаналы индикатор көрсеткіші жоспарланып, қол жеткізілді.

  1. Іс шаралар Жоспарының орындалуы.

       2020 жылғы Бағдарламаны іске асыру үшін  1 807,3 млн теңге қаржы  24 іс-шара  жоспарланған.

         Бағыттар бойынша:

  1. «Экономика» іске асырылатын барлығы – 1055,9 млн. теңге;
  2. «Әлеуметтік сала» - 203,5 млн.теңге;
  3. «Инфрақұрылым» - 547,9 млн.теңге
  4. Қаржының игерілуі.

         2020 жылы барлық көздерден Бағдарламаны іске асыруға 1807,3 млн.теңге бөлініп  1807,3 млн теңге игерілді, орындалуы  100%. Соның ішінде:

         Республикалық бюджет есебінен – 688,7 млн. теңге жоспарланған,  игерілгені 688,7 млн. теңге, немесе жоспардың 100 %;

  Жергілікті  бюджеті есебінен 568,6 млн.теңге бөлініп игерілгені - 568,6 млн.теңге.

   Басқа қаржыландыру көздерінен 550 млн тенге бөлініп, игерілді.

       

 

 

 

Қаратөбе аудандық экономика

және қаржы  бөлімінің басшысы                               Б.Нурмагамбетов

Дата публикации
11 февраля 2021