ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

  

 Қаратөбе  ауылы                            №11        2026 жылғы 9 қыркүйек                                             

  

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2026 жылғы 18 қазанға тағайындау туралы.

 

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының         1-тармағы 2)-тармақшасына және 3-тармағына сәйкес, Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 18 қазанға тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Қаратөбе ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

                                            

 

                                       Төраға:                      Б.Жүсіпқали                                                  

 

                                       Хатшы:                       Е.Ғабдраш

Дата публикации
09 сентября 2026