Күні-кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы» өткен болатын. Форумда мемлекет басшысы: «Ауыл – бәріміздің алтын бесігіміз. Қалада туып, өмір бойы қалада тұрған қазақтың да тамыры – ауылда. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі де ауылда сақталған. Жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтауымыз керек» - деген болатын.