Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.

  1. Жалпы ақпарат

2025 жылдың 9 айында 3 384 949 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1831 (0,1%),
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 58 243 (1,74%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 2 023 129 (59,76%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –  1 301 746 (38,4%).

 

Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 174 456

  • egov.kz портал арқылы – 150 089
  • elicense.kz порталы – 15 757
  • Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 8610

 

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 111 938

  • ИСС – 3173
  • ИС Е-Собес – 17 475
  • ИС Рынок труда – 5145          
  • E-Qazyna.kz – 399
  • kezekte.kz – 881
  • «Электронная биржа труда» /енбек кз – 76 627
  • Социальная помощь – 420
  • kz – 7116
  • Baspana market – 694
  • АИС «Кандас» - 8

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 517, оған
51 698 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 70 адам өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 109 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
12 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
17 ноября 2023
Байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету 
Ақпарат
13 сентября 2023
Цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы