МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2025 жылдың 9 айында 3 384 949 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1831 (0,1%),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 58 243 (1,74%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 2 023 129 (59,76%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 301 746 (38,4%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 174 456
- egov.kz портал арқылы – 150 089
- elicense.kz порталы – 15 757
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 8610
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 111 938
- ИСС – 3173
- ИС Е-Собес – 17 475
- ИС Рынок труда – 5145
- E-Qazyna.kz – 399
- kezekte.kz – 881
- «Электронная биржа труда» /енбек кз – 76 627
- Социальная помощь – 420
- kz – 7116
- Baspana market – 694
- АИС «Кандас» - 8
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 517, оған
51 698 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 70 адам өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 109 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.