Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және дербес деректерді бақылау бөлімі

Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және дербес деректерді бақылау бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

Мақсаты:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

2) Батыс Қазақстан облысы аумағында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру мақсатында бөлімге келесі құқықтар берілген:

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

мемлекеттiк органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмыстарына талдау жүргізуге;

облыс әкімдігіне мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексерулер жүргізу, соның ішінде олардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында барлық мүдделі тұлғаларды тарту арқылы комиссиялар, жұмыс топтарын жасақтау бойынша ұсыныстар енгізу;

қала, аудандар әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың басқа да қызметтерінің (бөлімдерінің) жұмысына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, олардан заңнаманы сақтауын талап ету;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық талдау материалдарын дайындауға облыстың мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерін тарту бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу;

жетекшілік ететін сала аясында және құзыреті шегінде барлық  деңгейдегі іс-шараларда Басқарманың мүддесін білдіру;

Басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізу.

Міндеттері:

өз қызметінде заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасына бақылау жүргізу жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беру;

мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру;

мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

  1. Функциялары:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

4) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;

5) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;

9) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

10) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

11) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарайды және тиісті шешімдер қабылдайды;

12) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдайды;

13) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді;

14) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;

15) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.