Цифрландыру бөлімі
Цифрландыру бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Мақсаты:
1) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды экономика мен тіршілік етудің негізгі салаларына енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.
Құқықтары мен міндеттері:
Цифрландыру бөліміне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
цифрландыру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;
мемлекеттiк органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
цифрландыру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмыстарына талдау жүргізуге;
өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
Басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге құқылы.
Міндеттері:
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға міндетті.
Функциялары:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) ақпараттық жүйелерді құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
3) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын сүйемелдеу, мониторингтеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
5) мемлекеттік органның архитектурасын облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
6) облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірыңғай мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құрады және дамытады;
7) облыстың жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуына, анықтығына және өзектілігіне мониторингті жүзеге асырады;
8) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттық жүйелерді тіркеуді, ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіруді қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;
10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз етеді;
11) салалық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды;
12) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
13) облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ өз контентінің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз етеді;
14) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
15) өз құзыры шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және шаралар қабылдайды;
16) өз құзыры шегінде «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
17) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрғындардың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер ұсынуды ұйымдастырады;
18) цифрландыру жобаларын іске асырады;
19) цифрландыру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асырады;
20) облыстың атқарушы органдарының және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ақпараттандыру жұмыстарын орталықтандырылған түрде жүргізеді;
21) облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтар және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.