Байланыс сапасын бақылау және дамыту бөлімі
байланыс сапасын бақылау және дамыту бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Мақсаты:
1) байланыс операторларымен бірлесе отырып облыстың ауылдық елді мекендерін ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстар жүргізу;
2) Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз етілуі және сапасы бойынша жұмыстарды талдауды жүргізу.
- Құқықтары мен міндеттері:
байланыс сапасын бақылау және дамыту бөліміне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
байланыс сапасын бақылау және дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;
мемлекеттiк органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
байланыс сапасын бақылау және дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмыстарына талдау жүргізуге;
Басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге құқылы.
Міндеттері:
өз қызметінде заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға міндетті.
- Функциялары:
1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;
2) елді мекендерде интернет пен мобильді байланыстың қамтамасыз етілуі мен сапасы бойынша жұмыстарға талдау жүргізеді;
3) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;