Жалпы ақпарат

Мусин Бейімбет Мәлікұлы
Мусин Бейімбет Мәлікұлы

Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

"БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы" ММ Батыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) энергетика, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің қызметін үйлестіреді;

2) энергия үнемдеу, электр энергетикасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

3) облыстың энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқару, пайдалану жүйесін жетілдіруге жәрдемдеседі;

4) облыс тұрғындарын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сапасын арттыруға жәрдемдеседі;

5) облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін жылыту маусымына дайындау мониторингін жүргізеді;

6) облыстың электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүргізеді;

7) өзіне қойылған міндеттерден туындайтын және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, сондай-ақ оған облыс әкімдігі арнайы жүктеген өзге де функциялар;

8) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;

9) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз және жылумен жабдықтау объектілерін күрделі жөндеу, реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

10) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуді (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) қамтиды.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты