Құрылым
Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары бөлімі
Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары бөлімінің ережесі облыс әкімдігінің 20.05.2022 ж. № 89 «Облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрылымына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына, «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Жарғысына, оған ұйымдық құрылымды, міндеттерді, функционалдық міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті бекіту мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
Бөлім басшысы:
Кульбаракова Айгуль ЖексеновнаТелефон:
8 (7112) 24-55-04Электрондық пошта:
a.kulbarakova@bko.gov.kzАна мен бала денсаулығын қорғау бөлімі
Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады, бөлім тікелей денсаулық сақтау басқармасының басшысына және басшының балалар және босану қызметі жөніндегі орынбасарына бағынады.
Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі өз жұмысында ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ «БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ Жарғысын, бұйрықтары мен өкімдерін, ережелерін басшылыққа алады.
Бөлім басшысы:
Габдрахимова Аслима КурмангалиевнаЭлектрондық пошта:
a.gabdrakhimova@bko.gov.kzДенсаулық сақтауды дамыту және адами ресурстар бөлімі
Денсаулық сақтауды дамыту және адами ресурстар бөлімі «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және басқарма басшысының орынбасарына тікелей бағынады.
Денсаулық сақтауды дамыту және адами ресурстар бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 07.07.2020 ж. №360-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Дәрілік қамту және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады, бөлім тікелей денсаулық сақтау басқармасының басшысына және басшының орынбасарына бағынады.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі өз жұмысында ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ Жарғысын, бұйрықтары мен өкімдерін, ережелерін басшылыққа алады.
Әкімшілік жұмыстар, өтініштерді бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім
Әкімшілік жұмыстар, өтініштерді бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулыларын және Батыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерін, өзге де нормативтік-құқықтық актiлерді, басқарма басшысы бұйрықтары мен басқарма басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Экономикалық жоспарлау, бухгалтерлік есеп және адами ресурстарды дамыту бөлімі
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің Экономикалық жоспарлау, бухгалтерлік есеп және адами ресурстарды дамыту бөлімі дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей басқарма басшысына және басшының орынбасарларына бағынады
Экономикалық жоспарлау, бухгалтерлік есеп және адами ресурстарды дамыту бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Есеп саясатын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, облыс әкімінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім басшысы:
Баштенова Рысты КумаргалиевнаТелефон:
8 (7112) 24-55-23Электрондық пошта:
r.bashtenova@bko.gov.kz