Меню

Страницы

Статья

«Бөрлі ауданының жерқатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021 жылы 03 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11-00 «gosreestr.kz» электрондық порталында өнеркәсіптік - азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізілетінін хабарлайды. Құжаттарды қабылдау«gosreestr.kz» электрондық порталында өткізіледі.

Жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

Лот № Құқық пайдалану түрі Жеручаскесінің көлемі (га) Нысаналы мақсаты Жеручаскесінің орналасқанжері Жылдық жалға беру ақысы, теңге Бастапқы құны, теңге Кепілдікжарнасы Шектеулер Жер учаскесінің орналасқанжері

1 3 жылға жалдау құқығы 0,0570 Екі қабатты дүкен құрылысы және оның аумағын күту үшін Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 10шағын аудан, 18 үйдің маңында 3214 51300 145850 жоқ https://map.e-batys.kz/?passport=auction.gx226.5833179

2 3 жылға жалдау құқығы 0,1200 Ғимарат құрылысы және оның аумағын күту үшін Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 7-ші шағын аудан 6768 108000 145850 жоқ https://map.e-batys.kz/?passport=auction.gx226.4631343

3 3 жылға жалдау құқығы 0,0030 Шағын дүкенмен аялдама павильонын орнату үшін Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 5-ші шағын аудан, Лидер сауда- үйінің алдында 169 2700 145850 жоқ https://map.e-batys.kz/?passport=auction-declared.gx226.5835989.

4 3 жылға жалдау құқығы 0,0032 Шағын дүкенмен аялдама павильонын орнату үшін Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 4-ші шағын аудан, 31 үйдің аумағы 180 2880 145850 жоқ https://map.e-batys.kz/?passport=auction-declared.gx226.5835996.

 

Аукционды өткізу шарттары: Аукцион gosreestr.kz порталында өткізіледі. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). gosreestr.kz порталында объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда–саттықта қатысушылар «Подтвердить цену» тетігін басу арқылы бастапқы құнын хабарланған қадамға женімпаз анықталғанға дейін көтереді.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: Сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою қажет. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде «Бөрлі ауданының жерқатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға міндетті. Әрі қарай жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай пайдалану, игерілу туралы шарт жасалуы қажет.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Аукционға қатысу бойынша мәліметті «БҚО Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға болады. Ақсай қаласы, Әл Фараби, 203, 1 қабат, 106 кабинет, телефон: 8 (71133)52-9-93

Дата публикации
22 октября 2021
Дата обновления
22 октября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы