
Жер қатынастары бөлімі
Жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес аудан аумағында жер қатынастары саласы бойынша өз қызметін жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесін беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43, 44, 44-1 баптарында белгіленген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидасында» жер учаскесін рәсмдеу тәртібі нақтыланып, ашып көрсетілген.
Аталған Қағидаға сәйкес Аудандық жер қатынастары бөлімі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Жалпы, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына сәйкес 2024 жылдың мамыр айына 248 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бұдан басқа,
2024 жылы:
жер қатынастары сұрақтары бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың 49 өтініші қаралды. Жеке тұлғалардан 30, заңды тұлғалардан 19 өтініш түсті.
- 20 жер комиссия отырысы өткізіліп, жер комиссиясында 177 құжат қаралды;
- жер учаскелерін беру жөнінде аудан әкімдігінің 66 қаулы жобасы дайындалды;
- жер учаскелерін жалға беру туралы 160 шарт дайындалды;
- жер учаскелеріне жеке меншік құқығын сатып алу-сату жөнінде 31 шарт жасалды (25 548 300 теңге сатылып берілді).
Аудандық жер қатынастары бөлімі жер заңнамасына сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн алуға сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастырады.
Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шаруа қожалығын жүргізу үшін шаруашылықтарға конкурс өткізу арқылы беріледі.
Жыл басынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 3 конкурс өткізіліп, 4364 гектар құрайтын 17 жер учаскесіне жалдау құқығы берілді.
Үстіміздегі жылы, жалпы көлемі 12 000 гектар құрайтын 20 жер учаскесін конкурсқа шығару жоспалануда.
Кәсіпкерлік және өндірістік мақсаты үшін құрылыс салуға арналған мемлекеттік меншіктегі жерлерді жеке және заңды тұлғаларға аукцион өткізу арқылы беріледі. Аукцион «госсрестр.кз» порталында өтеді.
2024 жылы 12 аукцион өткізілді, 12 участок берілді. Жалдау құқығын сатып алу бағасы 12 594 223 теңге.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері бойынша
Жыл басынан пайдаланылмай жатырған ауыл шаруашылық мақсатындағы көлемі 1578,0 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Өткен жылдары, яғни 2023 жылы – 12546,0 га; га жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.