Меню

Страницы

Статья

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ

090300 Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 80, «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 240-орындық бөбекжайды сенімгерлік басқаруға беру» туралы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын дайындаудың басталуы туралы жариялайды. Жобаның тұжырымдамасын талқылау үшін әлеуетті жеке тұлғаларды шақырады.

МЖӘ нысаны: бөбекжай ғимараты төмендегі мекенжайда орналасқан : БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, 4А, жалпы алаңы: 5788,8 м2. 2018 жылы пайдалануға берілді. Типтік ғимарат, кірпіштен құрылған, екі этажды, жобалық қуаттылығы:240 орын.

Бөбекжайда дене шыңықтыру-музыкалық зал,  медициналық кабинет, түзету,  үйірме жұмысы кабинеттері, психолог кабинеты, ас блогы, кір жуатын бөлме бар.

Жобаның шарттары: Қажетті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, нысанның тағайындалған профилін өзгеріссіз пайдалану, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша МЖМББС, санитарлық және өртке қарсы ереже талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Жобаның жүзеге асыру мерзімі – 3 (үш) жылдан кем емес.

Шығындардың өтеу көздері: мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу ҚР «Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 9 бап, 2 тармақ, 4 – тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

Нысан инженерлік және көлік байланысмен қамтамасыз етілген:

  • Ыссы және салқын сумен жабдықталған;
  • Кәріз жүйесі,
  • Автономдық жылыту,
  • Сыртқы бейнебақылау орнатылған.

Жеке тұлғаны анықтау ҚР «Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 43 бабы негізінде (алдын-ала) оңайлатылған тәртібі бойынша конкурс өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоба туралы толығырақ ақпаратты  «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ алуға болады.  Жоба бойынша ұсыныстар 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байланыс: Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі, телефон 8 (71133) 21461, сенім телефоны 22332
e-mail: schoolbu@mail.ru

 

Дата публикации
23 июля 2020
Дата обновления
23 июля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы