Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беру

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының

Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің жұмыс жүйесі

туралы ақпарат

 

2024 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша

 

Бөрлі ауданының білім беру жүйесі мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беруді жүзеге асыруға бағытталған

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Ауданда 27 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік - 27 бірлік, жеке -1 бірлік (2023 ж.-27, 2022 ж.-27, 2021ж.-28).

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші-92,7,%-2794 бала  (2023-96,5%-2494 бала, 2022- 89,6%-3210 бала, 2021 ж.-73,4%-3929 бала), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту –100 % (2023 ж. -100%, 2022 ж. -100%, 2021 ж. -100%) құрайды.

2022 жылы 1 балаға мемлекеттік тапсырыс соммасы орта есеппен 45603 теңгені, ата-ана төлемі 1-3 жас арасында ауыл - 14 000 теңгені, қала- 16 000 теңге,  3-6 жас арасында ауыл - 15 000 теңгені, қала- 17 000 теңгені құрайды.

2023 жылы 3322 орынға 1 847 954 мың теңгеге мемлекеттік тапсырыс қарастырылған.

2018 жылдан бастап ауданда балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою және жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілген.

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1675 бірл. (2022 ж.-1172 бірл.,) оның ішінде электрондық форматта 1675 бірл.

Жалпы кезекте барлығы 943 бала (2023ж- 653, 2022ж.-922, 2021 ж.-1203) , тіркелген, оның ішінде 3-6 жастағы – 0 бала (2023ж-0, 2022ж.-0, 2021ж.-130).

Кәріз жүйесі жоқ МДҰ саны-0 бірлік.

Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында 352 педагог, оның ішінде меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер – 290 қызмет етеді, оның ішінде 245 педагогтің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар, бұл 70% - ды құрайды.

Орта білім

Ауданда 25 жалпы білім беретін мектеп (25 күндізгі, 1 кешкі) жұмыс істейді.Оның ішінде шағынжинақталған мектептер саны- 11 немесе 44%, толықжинақты мектеп саны-13 немесе 52%.

Мектеп оқушыларының контингенті 9223 (2023-9928, 2022ж. -9521, 2021ж.-9308) оқушыны құрайды.

2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа қабылдау 1040 оқушыны (2022 ж. -1206, 2021 ж. -1030) құрады. Бүгінгі таңда мектепалды даярлық сыныптарында 583 бала, 1 сыныптарда 1042 оқушы қамтылған.  

2024 жылы  9 сыныпты – 815 оқушы, 11 сыныпты - 444 оқушы аяқтады.                        (2023 жылы 9 сыныпты – 795 оқушы, 11 сынып – 387, 2022 жылы 9 сынып -715, 11 сынып 461, 2021 жылы 9 сыныпты - 761, 11 сыныпты - 486)

Жалпы білім беретін мектептерде 1153 мұғалім жұмыс жасайды (88% жоғары білімді). Мұғалімдердің 42% жоғары және бірінші санатқа ие. Орыс сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша кадрлар, орыс сыныптарында бастауыш сынып мұғалімдері, математика пәні мұғалімдері қажет. 

2023-2024 оқу жылында аудан бойынша барлығы «Алтын белгі» үміткерлері -6 (2023ж-15, 2022ж.-18, 2021ж.-25), үздік аттестат үміткерлері -23.

Қазіргі таңда аудан мектептерінде оқу үрдісінде 2868 компьютерлік құрылғы қолданылуда, биылғы оқу жылына дейін 1 компьютерге 2,7 оқушыдан келсе, қазір 1 компьютерге 2 оқушыдан келеді.

 Аудандағы білім беру мекемелерінің балансында 29 көлік бар. «Білім туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес балаларды жеткізуді ұйымдастыру білім басқармасына берілді. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін көлікке қажеттілік туындап, 2020 жылы Бөрлі ауданының жергілікті бюджетінен үнемделген қаражат есебінен 16 жаңа автокөлік және 2024 жылы 1 газель алынып, 13 ауылдық және 4 қалалық мектептерге берілді.

Алдағы бес жылдықта Жарсуат ауылында (2022 жылы -108 орындық), Облав ауылында  (2025 жылы 50 орындық) және Жаңаталап ауылында (2025 жылы 50 орындық) модульдік мектеп салу жоспарлануда. Пугачево ауылында 300 орындық мектеп (2025 ж.) және Бөрлі кентінде 600 орындық мектеп (2026 ж.), Ақсай қаласының 13-шағын ауданында 900 орындық мектеп (2026 ж.).

Қосымша білім беру

Қосымша білім беру ұйымдарының саны-4. Олар Бөрлі ауданының өнер мектебі,  музыка мектебі, мектептен тыс жұмыс орталығы, жас туристер станциясы. Бұл мекемелерде 2023-2024 оқу жылында қосымша білім беру ұйымдарында 3001 (2022-3613 бала) тәрбиеленуші білім алуда, қамту пайызы 30,2% құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Бөрлі ауданы бойынша 43 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген Нұсқаулығына (Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық (2022 жылғы 30 наурыздағы              №117 Бұйрық (ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.02.2024 № 26 бұйрығымен өзгерістер енгізілді) сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған нұсқаулыққа сәйкес 6 білім беру объектісі 2-ші топқа, 21 білім беру объектісі 1-ші топқа жатады. Қалған 16 білім беру объектілері террористік тұрғыдан осал объектілердің  тізіміне енгізілмеген.

Аудан бойынша 27 УТО объектілерінде 1453 бейнекамера орнатылған, 2023 жылы қосымша ауылдық жерде орналасқан білім мекемелеріне 228 бейнекамера орнатылды. Жалпы алғанда ауданның барлық 43 білім беру ұйымы бейнекамерамен 100% қамтылған.

Қазіргі таңда, 22 білім беру ұйымының (11 мектеп, 10 балабақша, 1 қосымша білім беру ұйымы) бейнекамералары (барлығы 256 камера) аудандық Ішкі істер бөлімінде орналасқан жедел басқару орталығына қосылған. 2024 жылғы 05 ақпан күні  «Аниса» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №99 келісімшарт жасалды. 22  террористік тұрғыдан осал білім беру объектісі 100% (11 мектеп, 10 бөбекжай, 1 қосымша білім беру ұйымы) 2024 жылғы 01 сәуірде жедел басқару орталығына қосылды.

2023 жылы  сәуір айына дейін  Ақсай қаласының №1, №2, №3,№4, №5, №6, №7, №8 мектептеріне  турникет орнатылды.

Нұсқаулыққа  сәйкес аудан бойынша дабыл түймелері 2021 жылдан 8 қала мектебінде, 8 ауыл мектебінде, 14  мемлекеттік балабақшада, 1 жеке балабақшада, 2 қосымша білім беру ұйымында барлығы 33 білім беру ұйымында орнатылған. Сондай-ақ, Ақсай қаласында орналасқан 6 білім беру ұйымында арнайы күзет өз қызметін атқарады. 2024 жылғы жаңа редакциядағы нұсқаулыққа сәйкес қаланың 10 балабақшасына арнайы күзет қызметі , домофон орнату жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында  аудан мектептерінде арнайы бұрыштар  жасақталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету  бағытындағы жұмыс жалғасуда.

2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде Ақсай қаласының мектептеріне 106 276,6 мың теңге қаражатқа 13 кабинет сатып алды. Атап айтқанда биология, география, орыс тілі, математика, информатика кабинеттері және кітапхана жиһаздары.

Пән кабинеттерінің саны – 52 бірлік (физика - 15, химия –9, биология – 16, қазақ тілі  -1, математика – 1,география – 4, информатика – 3, кітапхана – 1, бастауыш сынып - 2 ).

2023 жылы мектептерді жаңғырту бағдарламасы аясында Бөрлі ауданының ауыл мектептеріне 17584,2 мың теңгеге 2 химия кабинеті, ауыл мектептеріне 9171,8 мың теңгеге мектеп жиһаздары, №6 мектеп-лицейіне 18460,0 мың теңгеге «Газель» автокөлігі сатып алынды. Жалпы кабинеттер сатып алуға  2023 жылы – 123860,8 мың теңге қаражат бөлінді.

Білім мекемелеріндегі кедергісіз аймақ ұйымдастыру үшін  16 889,3 мың теңге қаражатқа мүгедектігі бар адамдарға арналған тактильді тақталар орнатылды.

2024 жылы мектептерді жаңғырту бағдарламасы аясында ауыл мектептеріндегі химия, физика, биология, жаратылыстану кабинеттерін алу үшін 163 056,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сондай-ақ, 21 912,2 мың теңге қаражатқа  мектеп жиһаздары, асханаға және ауыл мектептерінің кітапханаларына жиһаз сатып алынды.

Ауданның барлық мектептері 100% интернетке қосылған. 2024 жылдың басынан бастап Қарақұдық МББК, Облавка МББК, Қарасу МББК ЖШС "AIGUL TLEGENOVA" – шарт бойынша интернет жылдамдығы 20 Мбит/сек, Бөрлі №1 ЖОББМ және бастауыш мектеп 30 Мбит/сек, Успеновка  МББК 20 Мбит/с, Қанай МББК-30 Мбит/с / сек, Ақсу МББК 20 Мбит/с, Александровка МББК 20 Мбит/с, Ақбұлақ МББК 30 Мбит/с Бөрлі ЖОББМ 30 Мбит/с Қарағанды МББК 30 Мбит/сек ЖШС "Найлим-Компания", Бумакөл МББК, Кеңтүбек МББК, Приурал МББКС 30 Мбит/с - АҚ  "Қазақтелеком".

Инклюзивті білім берумен қамту – 399 адам. 2023 жылға аз қамтылған отбасылардан шыққан 286 бала 11,619 млн сомаға киіммен , 19,007 млн сомаға ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. (2022 жылға аз қамтылған отбасылардан шыққан 200 бала 8,531 млн. киіммен, 8,663 млн. теңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, 2021 жылға аз қамтылған отбасылардан шыққан 234 бала 12,619 млн. киіммен , 2,309 млн. теңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.)

Аудан бойынша мектеп жанындағы интернаттар саны - 2, ондағы бала саны- 39. Аудан орталығында орналасқан Ақсай қаласының № 5 ЖОББМ жанында 40 орындық интернат жұмыс жасайды. Бұл интернатта  13 бала тәрбиеленуде. Онда мектептері жоқ  Гугня, Бактыарал, Бесағаш, Аңқаты, Пепел, Утвинка, Жаңақоныс Сұлусай елдімекендерінің балалары орналастырылды.    

Жарсуат ЖОББМ жанындағы интернатта 16 бала тәрбиеленуде. Онда Қарашығанақ және Димитрово ауылының балалары қамтылған.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімі ММ-сі мен «Арғымақ» ЖШС арасындағы 2024 жылғы  ақпандағы №19 келісім-шартқа сәйкес "Арғымақ" ЖШС кестеге сәйкес оқушыларды күнделікті тасымалдау жұмысын жүзеге асырылды.  Ақсай қаласының  №8 ЖОББМ бойынша күнделікті тасымалмен барлығы – 190 оқушы қамтылды. Ақсай қаласының №7 ЖОББМ бойынша күнделікті тасымалмен барлығы – 225 оқушы қамтылып отыр.

         

 

Документы
Ақпарат
25 сентября 2024
Бөрлі ауданының әкімдігі
Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі
Бөрлі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Новости
Полезные материалы
Бөрлі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың құру және жинақтау нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ» ММ БӨБЕКЖАЙ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
«БҚО Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ашық конкурс жариялайды.
Медиагалерея
1
Бөрлі ауданы білім беру бөліміне қарасты Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі ашылып, білім алушыларды қабылдады.
1
Болашақ мамандықтың негіздері.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Балабақшаға бала қалай кезекке қойылады?

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама алу қызметі balabagsha.snation.kz,   https://indigo24.kz/kz сайты арқылы жүзеге асады. Сайтта жұмыс жасау үшін жеке телефон нөмірінізбен тіркеліп, тұрғылықты мекен-жайыңызды көрсетіңіз.

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы