Шыңғырлау ауданының әкімдігі 2023 жылғы 31 наурыз күні сағат 10:00-де ҚР, БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі 93 мекенжайы бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ғимаратының акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.