
БӨРЛІ АУДАНЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Бөрлі ауданында халық саны 58 291 адам, олардың 15 793 -і, яғни 30 пайызын жастар құрайды.
Жастардың әлеуметтік ахуалына тоқталар болсақ, мектеп оқушылары – 3051, колледж студенттері – 724. Жеке кәсіпкерлердің саны – 1064. Жұмыссыз ретінде 160 жас жұмыспен қамту орталығына тіркелген, 134 жас NEET санатында. Аудан бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,3 пайызды құрайды.
Ауданда мемлекеттік жастар саясаты саласында «Ақсай жастары», « Парасат» қоғамдық бірлестігі, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, сонымен қатар әр ауылдық округте жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 17 млн.848 мың теңге және Жастар ресурстық орталығының қызметіне жергілікті бюджеттен 76 млн. 746 мың теңге бөлінді.
Жастарға қызмет көрсету орталығы 3 жоба аясында қызмет атқарады:
- «Болашағың өз қолында».
- «Жас маман»;
- «Жастарға кеңес»;
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы аудан әкімі аппараттарымен бірлесіп NEET санатындағы жастардың дерек қор базасы құрылып, адрестік жұмыстар жүргізуде. Әр тоқсан сайын аудан жастарына арналған «Жастарға жұмыс» атты бос жұмыс орындар жәрменкелері өтеді. Жыл басынан аудан бойынша 1 жәрмеңке ұйымдастырылып, оның ішінде: 20 жұмыс беруші қатысып, 250-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 92 резюме қабылданып оның ішінде 67 қағаз түрінде болса, қалған 25 түйіндеме электрондық түрде қабылданды.
Сондай-ақ 4 жәрмеңке облыстық деңгейде ұйымдастырылды.
2024 жылдың маусым, шілде , тамыз айларында ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 16-35 жас аралағында 190 сарбаз жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда 1 кезең Маусым айында Ақсай қаласында 48 сарбаз, Пугачева ауылдық округінде 11 сарбаз жұмыспен қамтылды.
Шілде айында Ақсай қаласы және Бумакөл, Приурал, Успен ауылдық округтерінде абаттандыру жұмыстарын атқарады. Тамыз айында тек Ақсай қаласы бойынша көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттен 16 150 000 теңге, республикалық бюджеттен 6 724 860 теңге қаржы бөлінеді.
2024 жылы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жастар саясатына бағытталған 5 жоба қарастырылып, оған аудандық бюджеттен 17 млн. 848 мың теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік тапсырысты орындаушы 3 ҮЕҰ («Сұңқар Ақсай» ҚБ-3 жоба, «Ақсай жастары» ЖҚБ-1 жоба, «Ашық көмек» ҚҚ-1 жоба) анықталып, 15 млн 715 мың теңгеге шарт жасалды.
Іске асырылатын жобалар: