1) Бөрлі ауданында жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру- 1000 000 (бір миллион) теңге;
2) Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтер-950 000 (тоғыз жүз елу мың) теңге;
3)Бөрлі ауданында волонтерлікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені-1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге;
4)Жастарға салауатты өмір салты мен әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу-1283 000 (бір миллион екі жүз сексен үш мың) теңге;
5)"Жастар-бейбітшілік пен достық үшін" атты шекаралас аудан жастарымен өзара ынтымақтастық шаралары жөніндегі қызметтер-500 000 (бес жүз мың) теңге;
6)Халықаралық, республикалық, облыстық және ауданаралық деңгейдегі іс-шараларға Бөрлі ауданының жастар делегациясының қатысуы-457 000 (төрт жүз елу жеті мың) теңге;
7) Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау500 000 (бес жүз мың) теңге.
Елдегі карантин жағдайына және карантин аяқталғаннан кейін де көпшілік бұқаралық шараларды өткізу шектеулерінің сақталуына байланысты жобалар шеңберіндегі іс-шараларды жоспар бойынша өткізуге мүмкіндік болмады. Соған қарамастан, бірқатар іс-шаралар онлайн түрінде мүмкіндігінше өткізілді. 01.11.2020ж. жағдайында келісімшарт жасалған 12 жобаның игерілу пайызы 39,6 құрады.
Іске асыру мүмкін болмаған жобалардың қаражатын бюджетке қайтару жоспарлануда. Мұндай жобалар -4.
1) Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтер
Қайтару себебі: мақсатты топ -мүмкіндігі шектеулі жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және төтенше жағдайдың күшінде болу кезінде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу шектеулерінің енгізілуіне байланысты жоба шеңберіндегі іс-шаралар жүзеге асырылмады.
2)"Жастар-бейбітшілік пен достық үшін" атты шекаралас аудан жастарымен өзара ынтымақтастық шаралары жөніндегі қызметтер
Қайтару себебі: төтенше жағдайдың күшінде болу кезінде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу шектеулерінің енгізілуіне байланысты жоба шеңберіндегі іс-шаралар жүзеге асырылмады.
3)Халықаралық, республикалық, облыстық және ауданаралық деңгейдегі іс-шараларға Бөрлі ауданының жастар делегациясының қатысуы
Қайтару себебі: төтенше жағдайдың күшінде болу кезінде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу шектеулерінің енгізілуіне байланысты жоба шеңберіндегі іс-шаралар жүзеге асырылмады.
4) Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау
Қайтару себебі: мемлекеттік сатып алу процедурасының барлық кезеңінде ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты жоба іске асырылмады.