Дипломмен - ауылға

Бөкей ордасы ауданы бойынша «Дипломмен - ауылға» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат

2024 жылы республикалық бюджеттен 17 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру үшін 147 6 млн.теңге көзделген. 2025 жылдың 1 қаңтарына орындалуы 146,9млн. теңгені, «Отбасы банкі» АҚ-на 19 маманға кредит берілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерге келген 38 маманға 14,0 млн. теңге сомасына әлеуметтік қолдау көрсетуге көтерме жәрдемақы төленді.
Жалпы, 2009 жылдан 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ауылға 739 маман тартылды, оның ішінде 461 мұғалім, 120  денсаулық сақтау маманы, 14 әлеуметтік қамсыздандыру маманы, 79 мәдениет маманы, 20 спорт, агроөнеркәсіп кешені - 38 және мемқызмет –7. Әлеуметтік қолдау шараларына 781,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

Әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 218 маманы 697,6 млн.теңге бюджеттік несие алды.

2025 жылы республикалық бюджеттен 14 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру үшін 129,7 млн.теңге көзделген.