Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Қосымша білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және талдау;
мемлекеттік қызмет көрсету «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» жұмысын қадағалау;
жалпы орта білім беретін мекемелердегі қамқоршылық Кеңестерінің, ата-аналар комитеттерімен жұмыс жұмысын үйлестіру, мониторинг жасау; үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстарды ұйымдастыру;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру (баяндау хаттар, шолулар, анықтамалар және хат алмасу);
этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру шараларын жүзеге асыру;
функционалдық міндеттеріне қатысты сұрақтар бойынша хат алмасу және өзара байланысу;
балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жүргізілуін үйлестіру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
бөлім басшының тапсырмасын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 08.06.2020
- город Уральск, улица Ескалиева, 72
-
8(7112) 26-04-74, факс 8 (7112) 26-04-68