Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында«Жас маман» жобасын іске асырылуы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында«Жас маман» жобасын іске асырылуы
«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 425 бұйрығы ақпарат ретінде және жұмыс жүргізу үшін жіберілді.
«100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасын іске асыратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын іріктеу бойынша Өңірлік комиссия құрамы 2019 жылдың 16 қазан күні №270 Қаулы бойынша құрылып, «Жас маман» жобасын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында 10 колледж және облыс экономикасына қажетті мамандықтардың тізімдері белгіленді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының 2019 жылғы 14 қыркүйектегі № 21-3/06-261 (3.6 т.), 05-2134 (7 т.) тапсырмасын сапалы және уақытылы орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің арасында «Жас маман» жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып жолданды.
2020 жылдың «Жас маман» жобасын қорғау мақсатында 2019 жылдың 13 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласына іс-сапарға 4 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары жіберілді (Орал политехникалық колледжі, М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, Жаңақала колледжі, Жоғары аграрлық техникалық колледжі).
“Жас маман” жобасы аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үлкен қолдау көрсетеді. 2025 жылға дейін халықаралық стандарттарды жаңғырту және енгізу нәтижесінде облыстың 10 колледжі тиісті мамандық бойынша, оның ішінде WorldSkills бойынша салалық құзыреттілік орталықтарына айналады.
Жоба аясында қазіргі заманғы оқу жабдықтарын сатып алуға республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлініп, облыстың қазынасынан 62832,0 мың теңге қаралған.
Бұл оқу орны үшін материалдық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі. «Жас маман» жобасы бойынша алынған заманауи өндірістік жабдықтар академиялық еркіндік колледждер жұмысына үлкен мүмкіндіктер ашады.
Жобаның шеңберінде жабдықты сатып алу талап етілетін 12 мамандық және 25 біліктілік бойынша оқыту үшін жүзеге асырылатын болады. Бұл машина жасау технологиясы, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, тамақтандыруды ұйымдастыру, сәулет, жиһаз өндірісі, техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану, механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және өнеркәсіптегі автоматика және тағы да басқалар.
Қазіргі уақытта, тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жабдықтар сатып алынып, орналастырылуда.