Педагогтердің облыстық тамыз кеңесі болып өтті.

Кеше «Атамекен» өнер ордасында облыс педагогтерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» Республикалық педагогтердің Саммиті аясында «Білім берудегі цифрлық инновациялар» атты облыстық тамыз кеңесі болып өтті.
Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мадина Ағланқызы Тыныбаева, білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин және ардагерлер, мектеп, колледж, қосымша білім беру мекемелерінің, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, Үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шара 2023-2024 жылдардағы оқу жылының жетістіктеріне арналған фильммен басталды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, бір топ ардагер ұстаздарға ҚР «Еңбек ардагері» медальін табыстады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың бейнеқұттықтауы жиналғандардың назарына ұсынылды. Осы шараға арнайы келген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мадина Ағланқызы Тыныбаева да педагогтерді мерекелерімен құттықтап, еліміздегі білім саласына мемлекеттен жасалып жатқан үлкен қолдауларды айтып өтті.
«Бұлттық технология көмегімен жұмысты цифрландыру», жайында білім басқармасының басшысы Сафуллин Елдос Набиоллаұлы, «Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту- білім сапасын арттырудың негізі», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының басшысы Софья Салахиденқызы Ізмұханбетова, «цифрлық оқытудың дидактикасы мен дизайны» тақырыбында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Білім берудегі инновациялар және цифрлық оқыту» орталығының ғылыми жетекшісі Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы сөз алса, "Beyim.ai арқылы жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану», НЗМ АҚ еншілес ұйымы «BeyimTech» ЖШС-ң әдістеме және мазмұнды дамыту бөлімінің меңгерушісі Маканов Біржан Сабырұлы, «Жасанды интеллект және оның формативті оқытудағы рөлі», ROQED компаниясының директоры Мағжан Геройханұлы Қыстаубаев, TORUS.KZ инновациялық шешімдерімен цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру» TORUS.KZ қалаушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Габдуллаев Даурен Ғәріпұлы, «Қосымша білім беру жүйесіндегі роботИтеллект оқыту технологиясы» жайында Орал қаласы Оқушылар және жастар сарайының робототехника бөлімінің меңгерушісі, қосымша білім беру педагогі Нұрбол Мусаұлы Қырықбаевтар сөз алды.
Шара соңы мектеп өнерпаздарының әні мен биіне ұласты.
Қызмет бағыты