Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 – 2025 оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін есере отырып, жоғары білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 – 2025 оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін есере отырып, жоғары білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы

 

            Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады.

            Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып,  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2, 4, 8  қосымшаларының талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

            Конкурсқа өтініш 2024 жылдың 16-22 шілде аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, 090000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz поштасында қабылданады.

 

№

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламасы тобының коды

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Грант саны

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

1

6В071 Инженерия және инженерлік іс

В067

Әуе көлігі және технологиялары

3

2

6В071 Инженерия және инженерлік іс

В167

Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

3

Барлығы:

6