Орал қаласындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Орал қаласындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері халықаралық турнир жеңімпазы атанды
2026 жылғы 15–17 маусым аралығында Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен «Istanbul Drone Soccer International Cup 2026» халықаралық дрон-футбол турнирінде Орал қаласындағы Оқушылар сарайының «ДРОН» үйірмесінің тәрбиеленушілері үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Халықаралық додада команда барлық қарсыластарынан басым түсіп, жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз команда 2026 жылғы 18–20 қыркүйек күндері өтетін Әлемдік Супер Финалға жолдама иеленді.
Команда құрамында:
▪️ Есетов Наурызбек
▪️ Бауыржан Алдияр
▪️ Сексен Жаният
▪️ Мағал Зейін
▪️ Мәжит Ануар
▪️ Нсанбаев Самир
👨‍🏫 Жетекшісі – Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы.
Бұл жеңіс – оқушылардың табанды еңбегінің, жүйелі дайындықтың және жетекшісінің кәсіби біліктілігінің нәтижесі.
Оқушылар сарайының жас спортшыларын және олардың жетекшісін халықаралық деңгейдегі айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы Әлемдік Супер Финалда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның мерейін үстем ете берулеріне тілектеспіз.