«Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылған «Туған жерге саяхат» облыстық ашық интернет байқауы

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15 шілде – 14 тамыз аралығында облыстық «Туған жерге саяхат» ашық интернет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу, өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын тануға қызығушылығын арттыру және Батыс Қазақстан облысы тарихы туралы экскурсия дайындау.
Байқауға 12 аудан және Орал қаласынан барлығы сырттай
25 (қатысушы) команда қатысып, өз бақтарын сынады.
Байқауға қатысушы 3 минуттық кәсіби түсірілімде «Туған жерге саяхат» бейнеролигін жолдады. Байқау қорытындысы #МОНРК#БІЛІМБАСҚАРМАСЫ,#БҚО,#Жазғыдемалыс атты хэштектерімен әлеуметтік желіде белсенді жүргізіліп, белгілі бір мерзімде дауыс беру арқылы бағаланды. Ең көп ұпай санымен орындар белгіленіп анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша үш жүлделі орын белгіленді.
1 орын – Сағынғали Меруерт, Сейтбай Аянат (Ақжайық ауданы)
2 орын – Бектеміров Аңсар ( Казталов ауданы)
3 орын – Ажгереева Айзада ( Шыңғырлау ауданы)
Байқау қорытындысы бойынша оқушылар I, II, III дәрежелі грамоталар, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.