Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні білім басқармасында Батыс Қазақстан облысының полиция, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаменттерінің, білім басқармасының мамандарының қатысуымен

Жарияланған күні: 15 мамыр 2023

Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні білім басқармасында                                    Батыс Қазақстан облысының полиция, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаменттерінің, білім басқармасының мамандарының қатысуымен облысымыздың мектеп директорларына арналған мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу өткізу бойынша онлайн форматта кеңес ұйымдастырылды. Кеңесте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 12 мамырында барлық мектептерде оқу-жаттығу өткізу бойынша нұсқама беріліп, алгоритмдер пысықталды. Ағымдағы жылдың 12 мамырында облысымыздың барлық мектептерінде қауіпсіздік шаралары бойынша  оқу-жаттығу ұйымдастырылып, 110 мыңнан астам адам қамтылды.