«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестиваль-байқауы

Ағымдағы жылдың 10-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастырумақсатында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестиваль-байқауы қашықтан өткізілді.

Республикалық қашықтық фестиваль-байқауға облысымыздан Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала, Қаратөбе аудандары жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатысып, бақ сынады.

Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық қашықтық кезеңіне жолдама алып, «STOP-MOTION-видео» жанры бойынша II дәрежелі дипломымен Тасқала ауданы, С.Жақсығұлов атындағы Жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Ержанов Артур марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Басталу уақыты

10 қыркүйек 2020

Соңғы күні

17 қыркүйек 2020

Оқиға түрі

Конкурс