Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби – ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты облыстық сырттай мақалалар байқауы
Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты облыстық сырттай мақалалар байқауын өткізілді. Байқауға 123 қатысушы қатысты.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын кеңінен насихаттау, оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
- Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын кең көлемде ақпараттандыру;
- Жас қаламгерлер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.
Байқау материалдары өзектілігі мен маңыздылығына, мазмұнының ашылу тереңділігі мен идеясына, жанрлық шарттары, жаңа әдіс, оны стильді қолданысқа енгізе білу, тілі және стилінің ұғынықтылығы, тың ақпаратта сараптау мен зерттеу әдістері бойынша сарапталды.
І орын – Айдынғалиева Марал, Теректі ауданы Социализм НОББМ-нің 9 сынып оқушысы.
ІІ орын – Болат Үлпілдек , Казталов ауданы Қараөзен МЛ-нің 7 сынып оқушысы;
ІІ орын – Кунеева Анелия, №8 ДБАМОМ-нің оқушысы.
ІІІ орын – Телеугалиева Назерке, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы№6 МЛ-нің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Жоламан Саясат, Бөкей Ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМБ-нің оқушысы;
ІІІ орын – Гайнуллиева Дильназ, Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы;
Алғыс хат – Төребай Айбөбек, Ақжайық ауданы М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ-нің 10 сынып оқушысы;
Алғыс хат – Аманова Азатгүл, Сырым ауданы ЖББ Сырым ОМБК-нің оқушысы;
Алғыс хат – Бесембай Мадина, №8 ДБАМОМ-нің 8 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орындармен және алғыс хаттармен марапатталып, қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.
24 қыркүйек 2020
Конкурс