«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК
“ЕВРАЗИЯ” ТУРИСТІК КЕШЕНІ МЕН
“САМАЛ” ТУРИСТІК ЛАГЕРІНІҢ
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ ҚОСЫМША
БІЛІМ БЕРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2026 жыл
ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМ
“Евразия” туристік кешені мен “Самал” туристік лагерінің
2026 жылға арналған жазғы қосымша білім беру-сауықтыру бағдарламасын әзірлеу бойынша жүргізілген талдау бойынша
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кәмелетке толмағандарға арналған қосымша білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының «Евразия» туристік кешені мен «Самал» туристік лагерінде 2026 жылға арналған жазғы қосымша білім беру-сауықтыру бағдарламасын әзірлеу мақсатында ұйым қызметінің жағдайларына кешенді талдау жүргізілді.
Талдау барысында балалардың жас, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері, ата-аналардың сұраныстары, лагерьдің материалдық-техникалық мүмкіндіктері және тәрбиелік әлеуеті ескерілді. Сауалнама, бақылау, сұхбат және кері байланыс әдістері қолданылды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде лагерьдің маусымдық режимде жұмыс жасайтындығы, балалардың жазғы демалысын, сауықтыруын және қосымша білім алуын тиімді ұйымдастыруға жеткілікті мүмкіндіктері бар екендігі анықталды.
2026 жылы “Евразия” ТК мен “Самал” ТЛ-де 6 бейіндік ауысым ұйымдастырылады. Әр ауысымның ұзақтығы – 10 күн. Ауысымдар туристік-өлкетану, экологиялық, спорттық-сауықтыру, патриоттық, мәдени-рухани және көшбасшылық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Кешендер аумағындағы тұрғын ғимараттар, асхана, медициналық пункт, спорт және ойын алаңдары, туристік және спорттық құрал-жабдықтар, суға шомылу аймағы, жазғы сахна, демалыс аймақтары балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайды.
Кадрлық қамтамасыз ету бойынша педагогтер, тәрбиешілер, тәлімгерлер, туризм және спорт нұсқаушылары, психолог, медицина қызметкерлері мен техникалық қызметкерлердің функционалдық міндеттері мен біліктілік деңгейлері қарастырылды.
Санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық жағдайларға жүргізілген талдау барысында санитарлық талаптарды сақтау, медициналық бақылау жүргізу, қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және туристік жорықтар кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері зерделенді.
Бағдарлама балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, цифрлық тәуелділіктің алдын алуға, табиғатпен байланысын нығайтуға, әлеуметтік белсенділігін арттыруға және «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
ШЕШІМ:
1. “Евразия” туристік кешені мен “Самал” ТЛ-нің қызмет жағдайларына жүргізілген талдау нәтижелері қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Жүргізілген талдау қорытындылары негізінде 2026 жылға арналған жазғы қосымша білім беру-сауықтыру бағдарламасы әзірленіп, бекітілсін.
3. Бағдарлама әдістемелік кеңестің қарауына ұсынылсын.
«Евразия» ТК меңгерушісі: __________ Б.А. Махметов
«Самал» ТЛ меңгерушісі: __________ А.Ф. Бакиджанова
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2-БӨЛІМ. ГЛОССАРИЙ
3-БӨЛІМ. БАҒЫТТЫЛЫҒЫ МЕН ТАҚЫРЫБЫ
4-БӨЛІМ. МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
5-БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ 5.1 Қосымша білім беру модулі 5.2 Сауықтыру модулі
6-БӨЛІМ. ІСКЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ
7-БӨЛІМ. КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
8-БӨЛІМ. ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІН МОНИТОРИНГТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
9-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Бағдарламаның атауы
“Евразия” туристік кешені мен “Самал” туристік лагерінің 2026 жылға арналған жазғы қосымша білім беру-сауықтыру бағдарламасы.
1.2 Бағдарламаны іске асыратын ұйым туралы мәлімет
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Исатай батыр көшесі 71/1.
1.3 Бағдарламаны әзірлеудің құқықтық негізі
Бағдарлама Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы №237 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында балаларды сауықтыру мен демалысын ұйымдастыру қағидалары;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалар;
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары.
1.4 Бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарлама 2026 жылғы маусым-тамыз айлары аралығында 6 бейіндік ауысым бойынша іске асырылады. Әр ауысымның ұзақтығы – 10 күн.
1.5 Қатысушылардың жас санаты
8-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер.
1.6 Бағдарламаның жұмыс режимі
Маусымдық жұмыс режимі.
2-БӨЛІМ. ГЛОССАРИЙ
Бағдарлама – балалардың жазғы демалысын, тәрбиесін, қосымша білім алуын және сауықтыруын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша білім беру-сауықтыру бағдарламасы.
Ауысым – балалардың лагерьде болатын белгілі бір мерзімі.
Қосымша білім беру модулі – балалардың танымдық, шығармашылық, әлеуметтік және тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Сауықтыру модулі – балалардың денсаулығын нығайтуға, дене белсенділігін арттыруға және психоэмоционалдық жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Туристік-өлкетану қызметі – туған өлкені тануға, табиғатты зерттеуге және туристік дағдыларды меңгеруге бағытталған іс-әрекет.
Психологиялық сүйемелдеу – балалардың эмоционалдық жағдайын қолдау және бейімделуіне көмектесу жұмыстары.
Қауіпсіздік техникасы – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған міндетті талаптар жүйесі.
3-БӨЛІМ. БАҒЫТТЫЛЫҒЫ МЕН ТАҚЫРЫБЫ
3.1 Бағдарламаның бағыттылығы
Бағдарлама туристік-өлкетану, экологиялық, спорттық-сауықтыру, патриоттық, мәдени-рухани және көшбасшылық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
3.2 Бағдарламаның тақырыптық мазмұны
Бағдарлама балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырумен қатар, олардың тұлғалық дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуға, әлеуметтік бейімделуіне және денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Бағдарлама аясында:
туристік жорықтар;
экологиялық акциялар;
спорттық жарыстар;
шығармашылық байқаулар;
танымдық квесттер;
патриоттық кештер
тәрбиелік іс-шаралар;
«Адал азамат» құндылықтарына негізделген тәрбие жұмыстары ұйымдастырылады.
3.3 Бағдарламаның өзектілігі
Қазіргі кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, цифрлық тәуелділіктің алдын алу, табиғатпен байланысын күшейту және әлеуметтік белсенділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Бағдарлама балаларды:
жаңа ортаға бейімдейді;
қарым-қатынас мәдениетін дамытады;
ұжымдық жұмысқа үйретеді;
табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырады;
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
3.4 Бағдарламаның ерекшелігі мен жаңашылдығы
Бағдарламаның ерекшелігі – қосымша білім беру мен сауықтыру қызметінің өзара үйлесімді ұйымдастырылуында.
Бағдарламада:
туристік жорықтар мен дағдыларды меңгеру;
Спорттық-сауықтыру бағыттағы шаралар;
экологиялық квесттер;
командалық ойындар;
шығармашылық және көшбасшылық жобалар;
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы элементтері;
психологиялық бейімдеу жұмыстары енгізілген.
4-БӨЛІМ. МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1 Бағдарламаның мақсаты
Балалардың қауіпсіз, мазмұнды және белсенді жазғы демалысын ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық, әлеуметтік және тұлғалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
4.2 Бағдарламаның міндеттері
Білім беру бағыты бойынша:
туристік және өлкетану білімдерін кеңейту;
экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
зерттеушілік және жобалық жұмыстарға баулу;
алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерту;
қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік бағыт бойынша:
патриотизмге тәрбиелеу;
ұлттық құндылықтарды насихаттау;
жауапкершілік пен тәртіп қалыптастыру;
көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
Сауықтыру бағыты бойынша:
денсаулықты нығайту;
дене белсенділігін арттыру;
психологиялық жайлылық қалыптастыру;
салауатты өмір салтын насихаттау.
4.3 Күтілетін нәтижелер
Бағдарлама нәтижесінде балалар:
туристік дағдыларды меңгереді;
экологиялық мәдениеті қалыптасады;
командада жұмыс істей алады;
көшбасшылық қабілеттерін дамытады;
дене белсенділігі артады;
азаматтық және патриоттық сана қалыптастырады.
5-БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
5.1 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МОДУЛІ
5.1.1 Дамытушы іс-шаралар
туристік дайындық;
өлкетану білімдері;
спорттық бағдарлау;
экологиялық зерттеу;
шығармашылық байқаулар;
көшбасшылық жобалар;
командалық тренингтер.
5.1.2 Практикалық-бағдарланған іс-шаралар
шатыр құру, от жағу;
туристік түйіндер мен алғашқы дағдылар ;
алғашқы көмек көрсету;
жасанды жартасқа өрмелеу;
картамен жұмыс;
квесттер;
экологиялық акциялар.
5.1.3 Тәрбиелік іс-шаралар
патриоттық кештер;
ұлттық құндылықтарға арналған іс-шаралар;
әдеби-музыкалық кештер;
мәдени байқаулар;
«Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тәрбмелік іс шаралар;
шығармашылық жобалар ;
интеллектуалдық ойындар.
5.1.4 Экскурсиялық қызметтер:
Орал қаласының хайуанаттар саябағына экскурсия;
“Саят” этно-туристік орталығына атпен серуендеу;
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия;
ОБЖТжЭО-ның жасанды жартасына өрмелеу мен музейіне экскурсия;
қалалық ойын-сауық орталығы.
5.2 САУЫҚТЫРУ МОДУЛІ
5.2.1 Дене белсенділігі
таңғы жаттығу;
биобелсенді соқпақ;
спорттық ойындар;
эстафеталар;
футбол;
волейбол;
ұлттық ойындар;
спорттық жарыстар;
туристік жорықтар.
5.2.2 Шынықтыру шаралары
таза ауадағы жаттығулар;
су процедуралары;
табиғи факторларды пайдалану;
белсенді серуен.
5.2.3 Аурулардың алдын алу
медициналық бақылау;
қауіпсіздік нұсқаулықтары;
санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;
профилактикалық кеңестер.
5.2.4 Дұрыс тамақтану және ауызсу режимі
5 уақытылы теңгерімді тамақтану;
санитарлық талаптарға сай ас мәзірі;
ауызсу режимін сақтау.
5.2.5 Демалыс пен күн тәртібі
ұйқы режимі;
тынығу уақыты;
белсенді және тыныш демалыстың үйлесімі.
5.2.6 Психологиялық сүйемелдеу
бейімдеу тренингтері;
кеңес беру;
эмоционалдық қолдау;
ұжымдық ахуалды бақылау.
6-БӨЛІМ. ІСКЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ
6.1 Материалдық-техникалық жағдайлар
тұрғын ғимараттар;
асхана;
спорт және ойын алаңдары;
туристік және спорттық құрал - жабдықтар;
медициналық пункт;
шағын акт залдары;
демалыс аймақтары;
жазғы эстрадалық сахна;
қайықпен жүзу, суға шомылу аймағы жабдықталған.
6.2 Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлар
санитарлық талаптар сақталады;
бөлмелер тұрақты тазаланады;
медициналық бақылау жүргізіледі;
дезинфекциялық жұмыстар ұйымдастырылады.
6.3 Медициналық сүйемелдеу
тәулік бойы медициналық бақылау;
алғашқы көмек көрсету;
денсаулық мониторингі;
профилактикалық жұмыстар.
6.4 Қауіпсіздік шаралары
өрт қауіпсіздігі;
судағы қауіпсіздік;
жорық кезіндегі қауіпсіздік;
экскурсиядағы нұсқаулықтар;
тәулік бойы бақылау.
КҮН ТӘРТІБІ
Уақыты
Шара атауы
8.00
Ұйқыдан ояну
8.00-8.30
Таңғы жаттығу, биобелсенді соқпақпен жүру
8.30-9.00
Топтық тазалық операциясы
9.00-10.00
Таңғы ас
10.00-13.00
Танымдық экскурсиялар, қызықты викториналар, топтық іс- шаралар
13.00-14.00
Түскі ас
14.00-16.00
Түскі демалыс
16.00-16.30
Бесіндік ас
16.30-19.00
Спорттық жарыстар, қайықпен серуендеу, ұлттық ойындар, туризм әліппесі, сайыстар
19.00-20.00
Кешкі ас
20.00-21.00
Жалпы лагерлік іс-шара
21.00-22.00
Би кеші (кіші топтарға 21.30 дейін)
22.30-23.00
Түнгі ұйқы
АУЫСЫМДАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ
Ауысымдар реті
Мерзімі
Атаулары
“Евразия” ТК
“Самал” ТЛ
1-ауысым
10.06 – 19.06
Tourism Time: Жаңа белес
Туризм соқпақтары
2-ауысым
22.06 – 01.07
Этно-мұра ізбасарлары
Достық аралы
3-ауысым
04.07 – 13.07
Eco-Z: Табиғат сақшылары
Тарих ізімен
4-ауысым
16.07 – 25.07
Sport UP
Жас чемпиондар
5-ауысым
28.07 – 06.08
Жас қалқан
Эко әлем
6-ауысым
09.08 – 18.08
Balaбасшы
Жарқын болашақ
7-БӨЛІМ. КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
7.1 Кадрлық құрам
Бағдарламаны іске асыруға:
педагогтар;
тәрбиешілер;
тәлімгерлер;
дене шынықтыру жетекшісі;
туризм нұсқаушылары;
жорық жетекшісі;
Жорық жетекшісінің орынбасары;
психолог;
медициналық қызметкер;
кітапханашы;
әкімшілік қызметкерлер қатысады.
7.2 Кадрлардың біліктілігі
Бағдарламаны іске асыратын педагогикалық және қызмет көрсетуші кадрлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Педагог қызметкерлер:
жоғары немесе арнаулы орта педагогикалық білімге;
педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санаттарына;
тәрбие жұмысы, балалар демалысын ұйымдастыру,алғашқы көмек көрсету сертификаттарға ие болуы тиіс.
Туризм және спорт нұсқаушылары:
туристік даярлық;
жорықтарды ұйымдастыру;
спорттық қауіпсіздік;
судағы қауіпсіздік техникасы бойынша даярлықтан өткен болуы қажет.
Медицина қызметкерлері:
тиісті медициналық білімі;
медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беретін сертификаты немесе лицензиясы болуы тиіс.
Лагерь қызметкерлері:
алғашқы медициналық көмек көрсету;
өрт қауіпсіздігі;
терроризмге қарсы қауіпсіздік;
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқамадан өтеді.
толықтай медициналық тексерістен өтілген анықтамасы болуы шарт
8-БӨЛІМ. ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІН МОНИТОРИНГТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
8.1 Мониторинг нысандары
күнделікті бақылау;
әңгімелесу;
қатысу мониторингі;
медициналық бақылау;
қорытынды талдау.
8.2 Бағалау көрсеткіштері
балалардың белсенділігі;
шығармашылық қатысу деңгейі;
денсаулық көрсеткіштері;
тәртіп пен жауапкершілік;
коммуникативтік дағдылар;
эмоционалдық ахуал.
8.3 Мониторинг нәтижелерін пайдалану
Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жетілдіру және түзету мақсатында қолданылады.
9-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру қағидалары.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
4. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы.
Оқу-әдістемелік әдебиеттер
1. Қасымов А. Туризм және өлкетану негіздері. — Алматы: Білім, 2022.
2. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әдістемесі. — Астана, 2023.
3. Балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
4. Туристік-өлкетану қызметінің әдістемесі.
5. Спорттық бағдарлау бағдарламалары.
Электрондық ресурстар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты;
Қосымша білім беру ресурстары;
Туризм және экология бағытындағы білім беру платформалары.
Қорытынды
Бағдарлама балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға, олардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық және әлеуметтік әлеуетін дамытуға бағытталған кешенді қосымша білім беру-сауықтыру бағдарламасы болып табылады.
Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктерін, қауіпсіздік талаптарын, тәрбиелік және сауықтыру міндеттерін ескере отырып әзірленді.
“Евразия” туристік кешені мен “Самал” туристік лагеріндегі әрбір ауысым балалар үшін жаңа достар, жаңа тәжірибе, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас естеліктер алаңына айналады. Бағдарлама аясында тәрбиеленушілер тек демалып қана қоймай, өз қабілеттерін дамытып, табиғатты аялауды, ұжыммен жұмыс істеуді, жауапкершілік пен тәрбиелікті үйренеді.
Бұл бағдарлама – белсенді демалыс пен сапалы тәрбиенің, қауіпсіздік пен шығармашылықтың, туризм мен заманауи тәрбиенің үйлесімді үлгісі болып табылады.
Құрастырған:
“Евразия” ТК-нің аға тәлімгері: А.Ж.Багжанова
“Самал” ТЛ-нің аға тәрбиешісі: И.Ж.Айтпукешева