Меню

Страницы

Статья

«ЖАЗҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОБЛЫСТЫҚ «ДАРЫН» ҚОСЫМША БІЛІМ  ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

«ЖАЗҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ

АУЫСЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырушы: Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық «Дарын» қосымша білім орталығы 

 

                                     

                                                        Орал-2026

 

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОБЛЫСТЫҚ «ДАРЫН» ҚОСЫМША БІЛІМ  ОРТАЛЫҒЫ

 

                                                 МАЗМҰНЫ

№

                                           Бөлім

Беті

1

Жалпы ережелер

3

2

Глоссарий

8

3

Бағыты және тақырыбы

10

4

Мақсаты, міндеті және күтілетін  нәтижелер

12

5

Құрылымы мен мазмұны

13

6

Іске асыру шарттары

15

7

Кадрлық және әдістемелік қамтамасыз ету

24

8

Іске асыру нәтижелерін мониторингілеу және бағалау

27

9

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

30

 

 

1Бөлім. Жалпы ережелер

Бағдарлама атауы

 Жазғы мәдени-танымдық ауысым.

        Бұл бағдарламада жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастыру және педагогикалық тәжірибе тақырыбында оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дамуын қалыптастыру жүйесі ұсынылған. Жұмыстың мақсаты – жазғы мәдени-танымдық ауысым  жағдайында балаларды  ынтымақтастық дағдыларын дамыту, топта жұмыс істеу, пікір алмасу және даулы мәселелерді шешу қабілеттерін қалыптастыру.

Мақсатты аудитория: жазғы мәдени-танымдық ауысым педагогтары, әдіскерлер,  ата-аналар.

       Жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастыру мәселесі қазіргі мектептегі балалардың демалысын тиімді ұйымдастырумен қатар олардың тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дамуына ықпал ететін маңызды педагогикалық бағыт болып табылады. Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі – әр отбасының, қоғамның және мемлекеттiң басты құндылығы болып табылады. Сондықтан жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастыру барысында оқушылардың дамуына бағытталған заманауи педагогикалық тәсілдер мен әдістемелік проблемаларды шешу қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мектеп білімінің дамуы әлемдік тенденцияларға сәйкес жаңа приоритеттерді айқындады. Қазіргі қоғамға тез бейімделе білетін, өз бетінше ойлай алатын, шығармашылық шешімдер табуға қабілетті адамдар қажет. Осы тұрғыда жазғы мәдени-танымдық ауысым тек демалыс орны ғана емес, оқушылардың өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту, әлеуметтік дағдыларын жетілдіру және топтық өзара іс-қимыл арқылы өзара қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру ортасы болып табылады.

Жазғы мәдени-танымдық ауысым жағдайында оқушыларды белсенді әрекетке тарту, олардың ынтымақтастық дағдыларын дамыту, топта жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау, ортақ шешімдер қабылдау және даулы мәселелерді шешу қабілеттерін қалыптастыру – педагогикалық тәжірибенің басты міндеттері болып табылады. Бұл міндеттерді шешуде жазғы мәдени- танымдық ауысымды ұйымдастырудағы педагогикалық қызметтің интеграцияланған жүйесі, заманауи технологиялар мен инновациялық әдістер, ойын элементтері, тренингтер, жобалық және зерттеу тәсілдері маңызды рөл атқарады.

  Мақсаты: жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастыру тәжірибесін көрсету және оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін авторлық бағдарламаларды практикалық тұрғыда ұсыну. Құрал заманауи педагогикалық тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы педагогтарға, жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастырушыларға және ата-аналарға бағытталған. Жазғы мәдени-танымдық ауысым жағдайында балалардың тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дамуын қамтамасыз ету.

 

 

Міндеттері:

  1. Жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін талдау.
  2. Заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялық әдістерді анықтау және қолдану.
  3. жазғы мәдени-танымдық ауысымның құрылымы мен мазмұнын (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) ұсыну.
  4. Тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен технологияларын көрсету (ойындар, жобалар, тренингтер).
  5. Бағдарламаның нәтижелілігін бағалау және мониторинг жүргізу тәсілдерін көрсету.

Зерттеу нысаны: жазғы мәдени-танымдық ауысым жағдайында оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дамуы.

Зерттеу пәні: жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастыру мен педагогикалық тәжірибедегі әдістемелік тәсілдер мен технологиялар.

Практикалық маңызы: әдістемелік құрал жазғы мәдени-танымдық ауысымды ұйымдастырудағы тәжірибелік материалдарды жүйелеуге, педагогтарға практикалық ұсыныстар беруге бағытталған.

Жаңалығы: құралда заманауи педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістер, ойындар, тренингтер, жобалық және зерттеу тәсілдері қолдану жолдары қарастырылған.

Күтілетін нәтижелері: балалардың топтық өзара іс-қимылы дамиды, әлеуметтік және коммуникативтік дағдылары жетіледі, тұлғалық қабілеттері қалыптасады, шығармашылық және проблемаларды шешу дағдылары дамиды.

Зерттеу базасы: «Дарын» қосымша білім  орталығы

       Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы  жазғы мәдени-танымдық ауысымын  2026 жылдың 1 маусым – 16 шілде аралығында  «Дарын» қосымша білім орталығы базасында өткізіледі. Балаларға арналған жазғы мәдени-танымдық демалыс 4 ауысымнан тұрды, олар «Бірлік алаңы» жазғы  мәдени-танымдық ауысымы 1маусымнан - 10 маусымға дейін,  «Достық кемесі» жазғы мәдени-танымдық ауысымы 12 маусымнан – 21 маусымға дейін, «Қиял қанаты» жазғы мәдени-танымдық ауысымы 24 маусымнан - 3 шілдеге дейін, «Шабыт шаңырағы» жазғы мәдени-танымдық ауысымы 6 шілдеден – 16 шілдеге дейін ұымдастырылады.  Жазғы демалысты тиімді, көңілді, қызықты өткізу мақсатында жоспарға сай бағдарламалар құрылып, 4 ауысым бойынша  өткізіледі (1 ауысым – 10 күн). Бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалуына, сауығуына, қауіпсіз тұруына, білім беру және тәрбие қызметін ұйымдастыруына жағдай жасайтын экологиялық қолайлы табиғи аймақта орналасқан Орал  қаласы сыртындағы Деркөл кенті, Деркөл көлінің жағалауында  «Дарын» қосымша білім орталығы базасында іске асырылады.

«Дарын» қосымша білім орталығы базасында  барлық өрт сөндіру, төтенше жағдай, санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, медициналық кабинеттер жабдықталған. Демалушы балалар бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.

Балалардың өмір қауіпсіздігі үшін орталығымызда ТОО «Динамо-Секьюрити плюс»  №030440004606/260001/00        2026-01-08 келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, орталық аумағы қоршаулармен  қоршалды.  Орталықта  17 ішкі бейнебақылау, 24 сыртқы бейнебақылау  орнатылды.

Орталығымызда жазғы мәдени-танымдық ауысым демалушыларына арнайы футбол, волейбол, баскетбол ойнайтын арнайы спорттық алаң бар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 104 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сәкес, дарынды балаларды оқыту және дамыту қызметін жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 2003 жылы 10 ақпандағы №46 қаулысы негізінде «Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Дарын» қосымша білім  орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын құрылды.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні балалар мен жасөспірімдер шығармашылық мүмкіндіктерін, демалысы мен сауықтыру жағдайларын анықтау және жан-жақты дамыту жолында оларға қосымша білім беруде өндірістік-шаруашылық және оқу-тәрбие жұмыстарымен шұғылдану деп белгіленді.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бағытындағы жазғы мәдени-танымдық ауысымында өткізілетін іс-шараларға қатысты барлық құралдар жабдықталған. 

          Жазғы мәдени-танымдық ауысым-ол балаларға бүгінгі жасалатын қамқорлығымыз бен тәрбиеміз, еліміздің ертеңгі болашағының білімді, патриоттық рухы жоғары, өнегелі, денсаулығы мықты, жан-жақты азамат болуына басты қадам.

  Жазғы мәдени-танымдық ауысымда балалар   дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұтымының дамып, қалыптасуына әсер етсе, сондай-ақ әлеуметтік түсінік-қабілетін дамытуға негіз құрайды,олар алған тәжірибесін кез келген ұжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым — қатынас жасай алады. Еркін пікір алысуға үлкен мумкіндік жасалады. Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға оны ашуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім ашуын қалыптастырады.    

Бағдарламаның мерзімді ұзақтығы     

Бағдарламаның іске асу мерзімі 2026 жылдың 1 маусымнан 16 шілдеге дейін. Бір ауысымның ұзақтығы 10 күнтізбелік күн.

Жазғы ауысымда бағдарламаның жалпы тұжырымдамасымен және бірыңғай тәрбие және білім беру тәсілдерімен біріктірілген бірнеше тақырыптық ауысымдарды іске асыру көзделеді.

Әрбір ауысымның ұлттық бірегейлікті, шығармашылық әлеуетті, медиа-мәдениетті, көшбасшылық қасиеттерді және болашақтың дағдыларын дамытуға байланысты өзіндік тақырыптық бағыты бар.

Ауысымдардың мазмұны қатысушыларды шығармашылық, спорттық және әлеуметтік маңызды   түрде  қағидаты бойынша құрылады.

Бағдарламаны іске асыру режимі кәмелетке толмағандардың жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру, тәрбие, сауықтыру, спорттық және бос уақыт қызметін ұтымды кезектестіруді көздейді.

Жасөспірімдердің жас ерекшілік санаттары

Бағдарлама 11-13 жас санатындағы балаларға арналған.

    Бағдарламаның мазмұнын әзірлеу кезінде жасөспірімнің жас, психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері, оның ішінде өзін-өзі көрсету, тану, қарым-қатынас, эмоционалды қолдау, Тәуелсіздік, көшбасшылық және әлеуметтік белсенділік қажеттілігі ескеріледі.           Бағдарламаның мазмұны   шығармашылық қабілеттерді, көшбасшылық қасиеттерді, медиа-коммуникацияны, зерттеу белсенділігін және ұлттық мәдениетті заманауи түсінуді дамытуға мүдделі жасөспірімдерге бағытталған. Бағдарлама әртүрлі дайындық деңгейлері, жеке қызығушылықтары және білім беру қажеттіліктері бар қатысушыларға бейімделген. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде әрбір қатысушының ұжымдық, шығармашылық, білім беру және әлеуметтік-маңызды қызметке қосылуын қамтамасыз ететін қауіпсіз, қолдаушы және ынталандырушы ортаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасалады.

 

 

 

 

 

Жазғы ауысымның тақырыптық   тұжырымдамасы

№

Ауысым атауы

Негізгі идея

1

« БІРЛІК АЛАҢЫ» 

Командалық рухты нақты қалыптастыру. Қатысушылар жеке емес, ортақ нәтиже үшін жұмыс істеуді үйренеді. Бір-біріне көмектесу, тыңдау, келісу, жауапкершілікті бөлісу дағдылары дамиды.     

 

2

«ДОСТЫҚ КЕМЕСІ» 

 Достық — ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы

3

«ҚИЯЛ ҚАНАТЫ»   

   Нағыз дарындар өзінің талант екеніне сенеді. Әрі әрекет етіп бастай сала нәтиже көрсетуге тырысады

4

«ШАБЫТ ШАҢЫРАҒЫ»   

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерге қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған  

 

 

 Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері

  • Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталады;
  • Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттайды;
  • Танымдық ойындар, сайыстар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылады;
  • Өнер, кітап, музыка, театр және қолөнер бағытындағы жұмыстар қамтылады;
  • Балалардың еркін қарым-қатынас жасауына және көшбасшылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді;
  • Тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар арқылы патриоттық рух қалыптастырады;
  • Қауіпсіз әрі қызықты демалысты қамтамасыз етеді;
  • Табиғатты қорғау, салауатты өмір салты және бірлескен жұмыс дағдыларын қалыптастырады.

 Жазғы мәдени-танымдық ауысым – бұл балалардың жалпы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін тиімді педагогикалық құрал. Ол оқушылардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, топтық ынтымақтастықты қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен инновациялық әдістер арқылы педагогикалық тәжірибені байытуға мүмкіндік береді.

 

2бөлім. Глоссарий

Жазғы демалысты ұйымдастырудағы заманауи педагогикалық тәсілдер

Жазғы мәдени-танымдық ауысым – балалардың тәрбиесі мен дамуының тиімді ортасы ретінде олардың жас ерекшеліктерін ескеруді талап ететін кешенді педагогикалық кеңістік болып табылады. Әрбір жас кезеңінің психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік даму заңдылықтары бар, сондықтан лагерь жұмысын ұйымдастыру барысында осы ерекшеліктерге сүйену тәрбиелік ықпалдың нәтижелілігін арттырады.

 

Орта буын жасындағы балалар (11–13 жас) үшін құрдастарымен қарым-қатынас жетекші орын алады, өзіндік «Мен» бейнесі қалыптасып, дербестікке ұмтылыс күшейеді. Бұл кезеңде мінез-құлықта тұрақсыздық, эмоциялық құбылмалылық, өзара түсінбеушілік, топ ішінде беделге ұмтылу сияқты мәселелер туындауы мүмкін. Кей жағдайда буллинг элементтері немесе оқшаулану көрініс береді. Ауысымда аталған проблемаларды шешу үшін ұжымдық шығармашылық істер, командалық ойындар, тренингтер, пікірталастар және бірлескен жобалар ұйымдастырылады. Топтық жұмыс балаларды өзара сыйластыққа, жауапкершілікке және ынтымақтастыққа баулиды, ал педагогтың бағыттаушы рөлі жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Осылайша, балалардың жас ерекшеліктерін, дамуындағы ықтимал қиындықтарды және әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған жазғы мәдени-танымдық жұмысы олардың тұлғалық өсуіне, әлеуметтік бейімделуіне және шығармашылық әлеуетінің ашылуына жағдай жасайды. Жүйелі педагогикалық қолдау мен жас кезеңіне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану лагерьді баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тиімді тәрбиелік ортаға айналдырады.

Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы мен мемлекеттік бағдарламалары балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізуге құқықтық және әдістемелік негіз береді. Бұл тәсілдер балалардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуын кешенді түрде қамтамасыз етуге бағытталған. Балалар лагері немесе демалыс орталығы – бұл қауіпсіз, жайлы және дамытушы орта, онда балалар белсенді демалуға, өзін-өзі көрсетуге, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы «Бала құқықтары туралы» Заңы; 2007 жылғы «Білім туралы» Заңы; 2022 жылғы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»).

Жазғы мәдени-танымдық ауысымның педагогикалық мақсаттары:

  • балалардың толыққанды демалуын қамтамасыз ету, шығармашылық және әлеуметтік қабілеттерін дамыту;
  • патриоттық сезімдерді қалыптастыру, өз отбасы мен отанына деген сүйіспеншілікті ояту;
  • қауіпсіздік, өзін-өзі, басқа адамдар мен олардың мәдениетін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;
  • дене шынықтыру, спортқа қызығушылықты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • танымдық, коммуникативтік, қолданбалы дағдылар мен балалардың тәуелсіздігін дамыту;
  • жазғы демалыс кезінде жол-көлік жарақаттану, басқа қауіпті жағдайлардың алдын алу.

  Шығармашылық бағыттар:

  • Экологиялық бағыт: экологиялық жобалар, «жасыл дақ», «Эко-идея», қалдықтарды қайта өңдеу шеберханалары, ағаш отырғызу акциялары, эко-квесттер және табиғатпен қарым-қатынасты дамыту.
  • Мәдени-рухани және көркем-эстетикалық бағыт:  ұлттық тағам фестивальдері («Баурсак Fest», «Kurtfest»), әдеби кештер, театр қойылымдары, музыкалық және фольклорлық жобалар.
  • Этикалық бағыт: моральдық және этикалық пікірталастар, достық және мәдениетаралық диалог, қайырымдылық және волонтерлік жобалар («Жүрек жылуы», «Ар-ождан алаңы»).
  • Туристік-өлкетану бағыт: тарихи және мәдени орындарға экскурсиялар, өлкетану олимпиадалары,  табиғаттағы квест ойындары.
  • Дене шынықтыру және спорт бағыты: спорттық жарыстар,    күнделікті спорт сағаттары.
  • Азаматтық-патриоттық бағыт: патриотизм және құқықтық сауаттылық сабақтары, тарихи квесттер, әлеуметтік бастамалар байқаулары.

 Тәлімгерлік тәсілдердің ерекшелігі – балалардың өзін-өзі басқару, шығармашылық, жауапкершілік және әлеуметтік тәжірибе дағдыларын дамытуға бағытталуы. Жазғы мәдени-танымдық ауысымда балалар өзара әрекеттесіп, түрлі жобалар мен тренингтер арқылы көшбасшылық, коммуникация, этика, құқықтық білім және цифрлық сауаттылықты игереді. Бұл тәсілдер Қазақстандағы заңнамалық талаптармен, соның ішінде Балалардың құқықтары туралы Заң, Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидалары, Біртұтас тәрбие бағдарламасы және мемлекеттік стандарттармен үйлестірілген.

        Жазғы мәдени-танымдық ауысым жағдайында тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамыту ерекшеліктері

Жазғы мәдени-танымдық ауысым жағдайында тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамыту – қысқа мерзім ішінде баланың мінез-құлқына, құндылық бағдарларына және өзара әрекет ету мәдениетіне ықпал ететін мақсатты педагогикалық үдеріс.

Тұлғалық даму – баланың өзін-өзі тануы, дербес шешім қабылдауы, жауапкершілік алуы және ішкі әлеуетін жүзеге асыруы.
Әлеуметтік даму – ұжымда өз орнын табу, әлеуметтік нормаларды меңгеру, ынтымақтастық орнату.

Коммуникативтік даму – ойды нақты жеткізу, белсенді тыңдау, пікір алмасу және қақтығысты мәдени түрде шешу қабілеттерінің қалыптасуы.

  Жазғы мәдени-танымдық ауысымды негізгі ерекшелігі – уақытша балалар ұжымы жағдайында ұйымдастырылуы. Әртүрлі әлеуметтік ортадан келген балалар қысқа мерзім ішінде жаңа топ құрып, ортақ мақсатқа бірігеді. Бұл жедел бейімделуді, рөлдік айқындалуды және тиімді қарым-қатынасты талап етеді.

Қысқа мерзімде дағдыларды дамыту тетіктері

  1. Командалық жобалар – нақты мақсатқа бағытталған тапсырмалар арқылы жауапкершілік пен ынтымақтастық қалыптастыру.
  2. Интерактивті әдістер – тренингтер, пікірталастар, рөлдік ойындар арқылы коммуникативтік тәжірибе беру.
  3. Рефлексия сессиялары – орындалған жұмыс нәтижесін талдау арқылы өзін-өзі бағалау мен өзара түсіністікті дамыту.
  4. Тақырыптық ауысымдар – лидерлік, ғылыми немесе шығармашылық бағыттағы бағдарламалар арқылы жеке әлеуетті ашу.

Қорытындылай келе, жазғы мәдени-танымдық ауысым – қысқа мерзім ішінде тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды кешенді түрде дамытуға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған әлеуметтік орта. Жүйелі жоспарланған іс-шаралар балалардың дербестігін, жауапкершілігін және тиімді қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.                  

 3 бөлім. Бағыты және тақырып

 Жазғы мәдени-танымдық ауысым бағдарламасы ұлттық тәрбиені, заманауи технологияларды, шығармашылық даму мен сауықтыру практикасын біріктіретін кешенді әлеуметтік-педагогикалық және білім беру-сауықтыру бағытына ие.

Бағдарламаның негізі-өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, цифрлық ортада еркін бағдарланған, командада жұмыс істей алатын, бастама көтеретін және өз жобалары мен идеяларын құра алатын заманауи жасөспірімнің жеке басын қалыптастыру идеясы.

Бағдарламаның мазмұны бірнеше өзара байланысты бағыттарды біріктіреді: ұлттық бірегейлікті, цифрлық мәдениетті, медиа сауаттылықты, көшбасшылық қасиеттерді, жобалық ойлауды, эмоционалды интеллект пен салауатты өмір салты мәдениетін дамыту.

Бағдарлама білім беру, тәрбие, шығармашылық, зерттеу, ойын және сауықтыру іс-шараларын біріктіреді.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Мәдени-рухани бағыт. Ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттау, әдебиет пен өнерге қызығушылықты дамыту. Жобалар: «Ауылдағы 5 күн», «Баурсак Fest», «Әдеби кештер», «Тарихи тағылым», «Музыкалық мұра» және т.б.
  2. Экологиялық бағыт. Табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жобалар: «Жасыл дақ», «Табиғат аялайық», «Жасыл Ел», «Таза ауа», «Эко жарыс» және т.б.
  3. Көркемдік-эстетикалық бағыт. Шығармашылық қабілеттерді дамыту.
    Жобалар: «Өнерлі шебер», «Сазды сәлем», «Жас ақын», «Қолөнер құпиясы», «Фото саяхат».
  4. Этикалық бағыт. Моральдық құндылықтарды қалыптастыру, тұлғаның рухани дамуы. Жобалар: «Адам болам десеңіз…», «Достық күні», «Мейірімділік миссиясы», «Құқық құралдары». 5. Туристік-өлкетану бағыты
  5. Дене шынықтыру-сауықтыру бағыты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жобалар: «Ең жылдам», «Спорт сағаты».
  6. Азаматтық-патриоттық бағыт. Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту. Жобалар: «Менің Отаным», «Ата заң алаңы», «Мен патриот!», «Тарихи квесттер».

Бағдарламаның тақырыптық мазмұны

Бағдарлама бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Сауықтыру бағыты – медициналық бақылау, дене шынықтыру жаттығулары, спорттық жарыстар.

Спорттық бағыт – эстафеталар, турнирлер, қозғалмалы ойындар.

Экологиялық-өлкетану бағыты – экскурсиялар, жорықтар, табиғатты қорғау акциялары.

Зияткерлік-танымдық бағыт – викториналар, тренингтер, танымдық кездесулер.

Рухани-эстетикалық бағыт – мәдени іс-шаралар, шығармашылық жобалар, мерекелік бағдарламалар.

Бағдарламаның өзектілігін негіздеу

Бағдарламаның өзектілігі тез өзгеретін цифрлық қоғам жағдайында жасөспірімдермен тәрбие және білім беру жұмысының заманауи нысандарын құру қажеттілігімен байланысты.

Бүгінгі таңда жасөспірімдер уақыттың көп бөлігін ақпараттық ортада өткізеді, жоғары цифрлық жүктемеге, тірі қарым-қатынас тапшылығына және өзін-өзі көрсету, қарым-қатынас және даму үшін қауіпсіз кеңістік қажеттілігіне тап болады.

Мақсатты аудиторияға сипаттама

Бағдарлама 11 мен 13 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

Бағдарламаның мазмұнын әзірлеу кезінде жасөспірімнің жас ерекшеліктері ескеріледі: Тәуелсіздік, тану, эмоционалды қолдау, құрдастарымен қарым-қатынас, өз қызығушылығын іздеу және өзін-өзі көрсету мүмкіндігі. Бағдарлама шығармашылыққа, көшбасшылыққа, Қазақстан мәдениеті мен тарихын зерттеуге мүдделі жасөспірімдерге бағытталған.

Бағдарламаның мазмұны әртүрлі дайындық деңгейлері, қызығушылықтары мен жеке ерекшеліктері бар қатысушыларға бейімделген.

Бағдарлама шеңберінде Қауіпсіз және қолдаушы орта құрылады, онда әрбір қатысушы білім беру, шығармашылық, спорттық және командалық қызметке қатысуға мүмкіндік алады.

Бағдарламаның жаңалығы мен айрықша ерекшеліктері

 

Жазғы мәдени-танымдық ауысым орталықтарының негізгі ерекшеліктері:

  • балалар арасындағы тікелей қарым-қатынас;
  • әлеуметтік интеграция;
  • жеке қабілеттерді дамыту;
  • қауіпсіз және қолайлы орта құру;
  • денсаулық сақтау технологияларын қолдану.

Балалар үшін қолайлы жағдайлар

  • қауіпсіздік;
  • жағымды психологиялық климат;
  • теңгерімді тамақтану;
  • әртүрлі бос уақыт формалары;
  • спорт және ойын алаңдары;
  • білікті және мейірімді персонал.

4.бөлім. Мақсаты, міндеті, күтілетін нәтиже

Бағдарламаның мақсаты:

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың денсаулығын нығайту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, олардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік әлеуетін дамытуға бағытталған қолайлы тәрбиелік орта қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған сауықтыру шараларын ұйымдастыру (таңғы жаттығу, таза ауада серуендеу, спорттық ойындар).
  • Шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау (байқаулар, көрмелер, шеберлік сағаттары, концерттік бағдарламалар).
  • Балалардың коммуникативтік мәдениетін және толеранттылық қасиеттерін қалыптастыру.
  • Зияткерлік-танымдық белсенділігін арттыру (квесттер, викториналар, танымдық ойындар).
  • Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру.
  • Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.
  • Әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету және ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Күтілетін нәтижелер. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

  • балалардың денсаулық көрсеткіштері жақсарады;
  • дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығы артады;
  • өзіне және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдылары қалыптасады;
  • шығармашылық белсенділігі дамиды;
  • әлеуметтік-психологиялық ахуал жақсарады;
  • әртүрлі жастағы балалар арасында достық пен ынтымақтастық нығаяды.

 

5-бөлім. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Жазғы мәдени-танымдық ауысым бағдарламасының ауысымы 10 күнге есептеліп, балалардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және педагогикалық мақсаттарды ескере отырып құрылды. Ауысым құрылымы тәрбиелік, сауықтыру және дамытушылық компоненттердің өзара байланысына негізделеді.

Жазғы мәдени-танымдық ауысым Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық талаптарына сәйкес ұйымдастырылады, соның ішінде Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы негізге алынады.

Ауысым құрылымы

Ауысым мазмұны шартты түрде үш кезеңге бөлінеді:

  1. Бейімделу кезеңі (1–2 күн)
    • Балаларды қабылдау, топтарға бөлу;
    • Танысу тренингтері;
    • Ауысым ережелерін қабылдау;
    • Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық;
    • Ұжымдық атмосфера қалыптастыру.
  2. Негізгі кезең (3–8 күн)
    • Тақырыптық күндер мен жобалар;
    • Спорттық, зияткерлік, шығармашылық іс-шаралар;
    • Командалық жұмыстар;
    • Әлеуметтік дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтер.
  3. Қорытынды кезең (9–10 күн)
    • Қорытынды жобаларды қорғау;
    • «Жетістіктер фестивалі»;
    • Рефлексия;
    • Жабылу салтанаты.

 

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР (10 КҮН)

Ауысым атауы: «ЖАЗҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМ – 2026»
Ауысым орайластырылған: мәдени-танымдық, спорттық-сауықтыру, рухани-адамгершілік, зияткерлік және экологиялық бағыттарға («Дарын» қосымша білім орталығы базасында)

Күн

Іс-шараның атауы және мазмұны

Бағыты

Күтілетін нәтиже

Жауаптылар

1-күн

«DOS BOLIKE – Бірлік бастауы»

1) Балалардың келуі, медициналық тексеріс, жасақтарға бөлу, жайластыру.

2) Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

3) Танысу, татуласу ойындары («Teamwork time»).

4) КТД – «Team Building».

5) Тәлімгерлер концерті.

6) Дискотека.

Әлеуметтік-психологиялық, қауіпсіздік

Ұжым қалыптасады, балалардың бейімделуі жеңілдейді, қауіпсіздік дағдылары меңгеріледі

Әкімшілік, психологтар, тәлімгерлер, медицина қызметкері

2-күн

«Спорт – біздің серігіміз!»

1) Таңғы жаттығу.

2) Спорттық эстафета, жарыстар.

3) Достық турнирі.

4) Кешкі спорттық флешмоб.

Спорттық-сауықтыру

Дене белсенділігі артады, салауатты өмір салты қалыптасады, командалық рух нығаяды

Дене шынықтыру нұсқаушылары

3-күн

«Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы»

1) «Бауырсақ FEST».

2) Ұлттық ойындар (КТД).

3) Өнер кеші.

Рухани-адамгершілік, ұлттық тәрбие

Ұлттық дәстүрге құрмет артады, патриоттық сана қалыптасады

Тәрбиешілер, ұйымдастырушы

4-күн

«Ғажап табиғат нұры»

1) Үйірмелер жұмысы.

2) «Суреттер сыр шертеді» байқауы.

3) «Эко-квест».

4) Пікірсайыс.

Экологиялық-танымдық

Табиғатқа жауапкершілік қалыптасады, экологиялық мәдениет дамиды

Экология жетекшісі

5-күн

«Кітап – рухани қазына»

1) Үйірмелер.

2) Мақал-мәтелдер сайысы.

3) Кітапханаға саяхат.

4) Quiz ойыны.

Зияткерлік-танымдық

Оқу мәдениеті дамиды, логикалық ойлау және сөйлеу дағдылары жетіледі

Кітапханашы, педагогтар

6-күн

«Заң мен тәртіп»

1)ІІД мұражайына саяхат

2)ІІД,ІІБ қызметкерлерімен, уәкіл ұйымдармен кездесу

3)  Көшбасшылар форумы.

Құқықтық

Оқушыларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың белгілерімен, түрлерімен таныстыру, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

 

7-күн

«Спартакиада – 2026»

1) Спартакиаданың ашылуы.

2) Спорттық жарыстар.

3) Командалық сайыс.

4) Марапаттау.

Спорттық

Көшбасшылық және ерік-жігер қасиеттері дамиды, достық байланыс күшейеді

Спорт нұсқаушылары

8-күн

«Өнерлі өрендер»

1) Шығармашылық шеберхана. 2) Қойылым, ән, би.

3) Таланттар шоуы.

Шығармашылық-эстетикалық

Балалардың өнерге қызығушылығы артады, өзін-өзі көрсету дағдысы қалыптасады

Педагог-ұйымдастырушылар

9-күн

«Жайық дарабозы»

1) Тарихи-өлкетану музейіне саяхат.

2) Патриоттық әндер кеші.

3)Зияткерлік сайыс.

Азаматтық-патриоттық

Туған жерге сүйіспеншілік артады, тарихи таным кеңейеді, сыни ойлау дамиды

Тәрбиешілер

10 күн

«ЖҮЗДЕСКЕНШЕ, ДОСЫМ!» 1) Рефлексия.

2) Ауысымның салтанатты жабылуы.

3) Гала-концерт.

4) От жағу.

5) Сауалнама, медициналық тексеріс.

Қорытынды, әлеуметтік

Балалар жетістігін сезінеді, өзін-өзі бағалау артады, жағымды эмоциялық әсер қалыптасады

Әкімшілік, психологтар

 

6 бөлім. Бағдарламаны іске асыру шарттары

 

Бағдарламаны іске асырудың ұйымдастырушылық шарттары

Бағдарламаның педагогикалық тұжырымдамасы келесі қағидаттарға сүйенеді:

  • тұлғалық-бағдарлы оқыту және тәрбиелеу;
  • ынтымақтастық педагогикасы;
  • қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру;
  • балалардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін қолдау;
  • салауатты өмір салтын насихаттау.

Жазғы мәдени- танымдық ауысымның ұйымдастыру барысында   тәрбие жұмысы сауықтыру шараларымен үйлестіріледі. Күн тәртібі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес құрылады, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау басты назарда болады.

Материалдық-техникалық шарттар

Бағдарламаны іске асыру үшін:

қатысушыларды орналастыруға арналған жазғы сахна;

оқу және шығармашылық үлкен, кіші сыныптар;

акт залы /асхана ғимаратында/;

спорт алаңдары;

кітапхана;

медпункт;

асхана және жатақхана.

Іс-шараларды өткізу үшін бағдарламалар пайдаланылады:

ноутбуктер мен мультимедиялық жабдықтар;

проекциялық техника;

музыкалық аппаратура;

спорттық жабдықтар;

үстел және интеллектуалды ойындар;

шығармашылық және жобалық қызметке арналған материалдар.

Бағдарламаны материалдық-техникалық қамтамасыз ету қатысушылар қызметінің қауіпсіздігін, қолжетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз сауықтыру ортасын құруға бағытталған.

Санитарлық-гигиеналық жағдайлар

Қатысушылардың қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

*қауіпсіз тұру шарттары;

*Жатақхананы желдету және санитарлық өңдеу режимін сақтау;

*тамақтану сапасын бақылау;

*ауыз су режимін қамтамасыз ету;

*жеке гигиена нормаларын сақтау;

*қатысушылардың денсаулық жағдайын күнделікті медициналық бақылау;

*алдын алу шараларын ұйымдастыру.

Қатысушылардың шамадан тыс жұмысының алдын алуға, жүктемелерді ұтымды бөлуге, демалыс режимін және қозғалыс белсенділігін сақтауға ерекше назар аударылады.

               КҮН ТӘРТІБІ

08:00

ҰЙҚЫДАН ТҰРУ

(жеке гигиена уақыты)

 

08:15-08:30

ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУЛАР

08:30-09:15                                                       

ТАҢҒЫ АС

09:15-12:30

ТАНЫМДЫҚ ШАРА    (спорттық, топтық, саяхат)

13:00-14:00

ТҮСКІ АС

14:15-16:15

ТЫНЫҒУ САҒАТЫ

16:15-16:45

БЕСІН АС

16:45-18:30

ТАНЫМДЫҚ ШАРА 

(Ұжымдық шығармашылық істер,

 спорттық ойындар, саяхат)

19:00-20:00

КЕШКІ АС

20:00-21:15

ТАНЫМДЫҚ ШАРА

( жалпы ауысымдық шара)

21:15-21:30

ЕКІНШІ КЕШКІ АС                                          

 

21:30-22:00

ТАНЫМДЫҚ ШАРА 

(дискотека, би жарысы)

22:00-22:30

ЖЕКЕ ГИГИЕНА УАҚЫТЫ

22:30

ТҮНГІ ҰЙҚЫ

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары

Қатысушылардың қауіпсіздігі Бағдарламаны іске асырудың басым шарты болып табылады.

*өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

*объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы;

*аумаққа кіруді бақылау;

*қауіпсіздік бойынша нұсқаулық;

*қатысушыларды педагогикалық қызметкерлермен сүйемелдеу;

*іс-шараларды медициналық сүйемелдеу.

 

Мазмұндық ерекшеліктер

  • Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады;
  • Тәрбие мен сауықтыру бірлікте жүзеге асады;
  • Командалық және жеке жұмыс формалары үйлестіріледі;
  • Интерактивті әдістер (квест, тренинг, флешмоб) қолданылады;
  • Балалардың бастамашылдығы мен дербестігі қолдау табады.

 

Күтілетін педагогикалық нәтижелер

  • Балалардың әлеуметтік бейімделуі жақсарады;
  • Коммуникативтік және көшбасшылық дағдылары дамиды;
  • Шығармашылық және зияткерлік белсенділігі артады;
  • Салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптасады;
  • Ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнығады.

Осылайша,  ауысымның құрылымы жүйелі жоспарланып, әрбір күн тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға бағытталады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін мазмұнды және педагогикалық тұрғыдан негізделген құрылым болып табылады.

Шаралар мазмұны:

1-күн – «DOS BOLIKE – Бірлік бастауы»

Жазғы мәдени-танымдық ауысымның алғашқы күні балалардың жаңа ортаға бейімделуі үшін ең маңызды кезең болып табылады. Балалардың келуі, медициналық тексеріс және жасақтарға бөлу жазғы мәдени- танымдық ауысымда қауіпсіз әрі ұйымдасқан ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған негізгі алдын алу шарасы болып саналады. Танысу және татуласу ойындары («Teamwork time») балалар арасындағы психологиялық кедергілерді азайтып, жаңа достық байланыстардың қалыптасуына ықпал етеді. Командалық бірлікке бағытталған КТД «Team Building» ұжымдық қарым-қатынасты нығайтып, балалардың бір-біріне сенімін арттырады. Тәлімгерлердің танысу кеші  мен кешкі дискотека эмоционалдық тұрғыдан жағымды атмосфера қалыптастырып, ауысым өміріне қызығушылықты арттырады. Осы іс-шаралардың жиынтығы балалардың жаңа ортаға тез бейімделуіне және ауысым ұжымының қалыптасуына мүмкіндік береді.

2-күн – «Спорт – біздің серігіміз!»

Бұл күн дене белсенділігі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Таңғы жаттығу балалардың күн тәртібіне бейімделуіне және физикалық белсенділікті арттыруға көмектеседі. Спорттық эстафеталар мен жарыстар балалардың төзімділігін, жылдамдығын және командалық ынтымақтастығын дамытады. Достық турнирі жарыс мәдениетін қалыптастырып, балаларды әділдікке, бір-бірін қолдауға үйретеді. Кешкі спорттық флешмоб ауысымдағы эмоционалдық бірлікті нығайтып, балалардың белсенді демалу мәдениетін қалыптастырады. Мұндай іс-шаралар балалардың физикалық дамуын ғана емес, ұжымдық рух пен жауапкершілікті де күшейтеді.

3-күн – «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы»

Бұл күн ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді дәріптеуге арналған. «Бауырсақ FEST» сияқты шығармашылық форматтағы шаралар балаларды қазақ халқының мәдениетімен таныстырып, ұлттық тағамдар мен дәстүрлердің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық ойындар балалардың қозғалыс белсенділігін арттыра отырып, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты күшейтеді. Өнер кеші балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық өнерді құрметтеуге және мәдени құндылықтарды қабылдауға ықпал етеді. Осындай іс-шаралар арқылы балалардың ұлттық сана-сезімі мен патриоттық көзқарасы қалыптасады.

4-күн – «Ғажап табиғат нұры»

Бұл күн экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Үйірмелер жұмысы балалардың қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. «Суреттер сыр шертеді» байқауы табиғатты көркем бейнелеу арқылы эстетикалық талғамды қалыптастырады. «Эко-квест» ойын форматында экологиялық мәселелерді түсінуге және табиғатты қорғау жауапкершілігін сезінуге көмектеседі. Пікірсайыс балалардың сыни ойлау қабілетін дамытып, экологиялық мәселелерге саналы көзқарас қалыптастырады.

5-күн – «Кітап – рухани қазына»

Бұл күн зияткерлік және танымдық белсенділікті дамытуға арналған. Үйірмелер жұмысы балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қолдайды. Мақал-мәтелдер сайысы халық даналығы арқылы тіл мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Кітапханаға саяхат балаларды кітап әлемімен таныстырып, оқу мәдениетін қалыптастырады. Quiz ойыны логикалық ойлау, есте сақтау және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Бұл шаралар балалардың интеллектуалдық дамуына және оқу мотивациясының артуына әсер етеді.

6-күн – «Спартакиада – 2026»

Спартакиада – ауысымдағы ең ірі спорттық шаралардың бірі. Оның ашылуы балалардың спорттық жарыстарға деген қызығушылығын арттырады. Әртүрлі спорттық сайыстар балалардың физикалық қабілеттерін дамытуға, төзімділік пен ерік-жігерді қалыптастыруға бағытталған. Командалық жарыстар топтық бірлікті нығайтып, балаларды ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп әрекет етуге үйретеді. Марапаттау рәсімі жетістікке жеткен балаларды ынталандырып, өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады.

7-күн – «Өнерлі өрендер»

Бұл күн балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған. Шығармашылық шеберханалар балалардың қиялын, эстетикалық талғамын және өнерге деген қызығушылығын арттырады. Қойылымдар, ән және би арқылы балалар өз қабілеттерін көрсетіп, сахналық мәдениетке үйренеді. Таланттар шоуы балалардың өзін-өзі көрсетуіне, сенімділігін арттыруға және ұжым алдында өнер көрсету тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

8-күн – «Жайық дарабозы»

Бұл күн туған өлкенің тарихы мен мәдениетін тануға бағытталған. Музейге саяхат балалардың тарихи білімін кеңейтіп, туған жердің өткенін құрметтеуге үйретеді. Патриоттық әндер кеші ұлттық бірлік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Мұндай шаралар балалардың тарихи санасын қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.

9-күн – «Үздік өрендер»

Бұл күн интеллектуалдық және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға арналған. Зияткерлік сайыс балалардың білімін тексеріп қана қоймай, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамытады. Бұл шаралар балалардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастырады.

10-күн – «ЖҮЗДЕСКЕНШЕ, ДОСЫМ!»

Ауысымның соңғы күні  ауысым жұмысының қорытындысын шығаруға арналған.   Салтанатты жабылу рәсімі жазғы мәдени- танымдық ауысымның нәтижелерін көрсетуге және қатысушыларды марапаттауға бағытталған. Гала-концерт балалардың шығармашылық жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. От жағу дәстүрі ауысымның бірлік пен достық символы ретінде өткізіледі. Сауалнама мен медициналық тексеріс лагерь жұмысының нәтижесін бағалауға және балалардың денсаулық жағдайын бақылауға көмектеседі.

Осылайша, әрбір күн белгілі бір тәрбиелік бағытқа негізделіп, балалардың тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын жүйелі түрде дамытуға бағытталған. Жазғы мәдени-танымдық ауысымның бағдарламасының осындай құрылымы қысқа мерзім ішінде балалардың бейімделуін жеңілдетіп, олардың шығармашылық, интеллектуалдық және физикалық әлеуетін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.

 Балалар жазғы мәдени-танымдық ауысымның тәрбиелік және дамытушылық жұмыстың тиімділігі қолданылатын педагогикалық әдістер мен технологияларға тікелей байланысты.  

      Ойын технологиясы – баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім мен дағдыларды меңгеруді жеңілдететін, эмоционалдық белсенділігін арттыратын педагогикалық әдіс. Жазғы мәдени-танымдық ауысымның жағдайында ойындар оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру құралы ретінде маңызды рөл атқарады.

Ойын технологиясының негізгі ерекшеліктері:

  • еркіндік пен қызығушылыққа негізделуі;
  • балалардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуі;
  • коммуникативтік дағдыларды дамытуы;
  • жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруы.

Жазғы мәдени-танымдық ауысымның рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, квесттер, спорттық және зияткерлік ойындар кеңінен қолданылады. Ойын барысында балалар топпен жұмыс істеуді, шешім қабылдауды және жауапкершілікті сезінуді үйренеді.

Ұйымдастыру кезеңінің ойындары

«Таңдау». Қатысушылар шеңберде отырады. Жүргізушінің «Үш-төрт» деген командасы бойынша әркім бір мезгілде саусағымен кез келген қатысушыға нұсқайды. Егер екі қатысушы бір-біріне нұсқаса, олар жұп құрайды. Ойынның мақсаты — бәрі жұпқа бөлінгенше жалғастыру.

«Төртеуі тұрады» Барлық қатысушылар шеңберде отырады. Оларға кез келген төртеуі бір уақытта орнынан тұруы керек деген тапсырма беріледі. Бұл ретте сөйлесуге және келісуге болмайды.

«Достық қол алысу» Қатысушылар шеңберде тұрады. Әрқайсысы кезекпен шеңбердің ортасына шығып, «Менің атым (есімі)... және мен сендермен достасқым келеді» дейді. Содан кейін ол кез келген қатысушыға жақындап, оның қолын қысады. Осылайша тізбек құралады.

«Қарлы кесек» Қатысушылар шеңберге тұрады. Біріншісі өз есімін атайды. Екіншісі біріншінің есімін және өз есімін атайды. Үшіншісі біріншінің, екіншінің және өз есімін атайды. Соңғы қатысушы барлық есімдерді атап шығуы керек.

«Кім жылдам» Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа таныстарының есімдерін мүмкіндігінше тезірек қағазға жазу тапсырылады.

«Танысайық» Музыка қосылғанда қатысушылар екі шеңберде (ішкі және сыртқы) қарама-қарсы бағытта қозғалады. Музыка тоқтағанда, қарсы тұрған адаммен амандасып, танысуы керек.

«Доп ойыны» Қатысушылар шеңберде тұрады. Жүргізуші допты кез келген адамға лақтырып, өз есімін айтады. Допты алған адам өз есімін айтып, келесі адамға лақтырады.

«Қатарға тұру» Қатысушыларға белгілі бір уақыт ішінде (мысалы, 30 секунд) есімдерінің алфавиттік реті бойынша қатарға тұру тапсырылады.

Коммуникативтік және танымдық ойындар

«Алма бағы» Қатысушылардың арқасына жемістер мен көкөністердің суреттері жапсырылады. Олар басқаларға «иә» немесе «жоқ» деген жауаптарды ғана талап ететін сұрақтар қою арқылы өздерінің кім екенін табуы керек.

«Менің серіктесім» Қатысушылар жұпқа бөлінеді. 3 минут ішінде олар бір-бірі туралы мүмкіндігінше көп ақпарат жинауы керек. Содан кейін әрқайсысы өз серіктесін топқа таныстырады.

«Мен ешқашан... емеспін» Әр қатысушы кезекпен: «Мен ешқашан... істеген емеспін» деп басталатын сөйлем айтады. Егер қалған қатысушылардың ішінде бұл істі жасаған адамдар болса, олар саусақтарын бүгеді.

«Көшедегі танысу» Қатысушыларға «көшедегі танысу» жағдаятын сомдау тапсырылады. Олар рөлдерге бөлініп, әртүрлі танысу тәсілдерін көрсетеді.

«Ассоциациялық танысу» Қатысушылар өз есімдерін қандай да бір тарихи тұлғамен, жануармен немесе затпен байланыстырып айтады (мысалы, «Мен — Абылай, хан сияқтымын»).

«Менің эмблемам, менің ұраным» Әр қатысушыға өз тұлғасын сипаттайтын эмблема салу және ұран жазу тапсырылады. Содан кейін олар өз жұмыстарын таныстырады.

«Жасақтың портреті» Бүкіл отряд бірлесіп үлкен қағазға өздерінің ортақ портретін салады. Әр бала өзінің бір бөлшегін (қолын, көзін немесе киімін) қосады

Психологиялық сенім мен топтық бірігу жаттығулары

«Траст-фол» (Сенім құлауы) Қатысушы биік жерде тұрып, артында тұрған топ мүшелеріне сеніп, арқасымен құлайды. Топ оны қағып алуы керек.

«Бөрене» Қатысушылар ұзын сызықтың немесе бөрененің үстіне қатар тұрады. Оларға жерге түспей, орындарын ауыстыру тапсырылады.

«Өткел» Екі ағаштың арасына әртүрлі деңгейде арқандар тартылады. Топ мүшелері арқанға тимей, бір жағынан екінші жағына өтуі керек.

«Төмпешіктер» Қатысушыларға парақтар беріледі. Олар осы парақтарды («төмпешіктерді») басып, «батпақтан» өтуі керек. Парақтардың саны қатысушылар санынан аз болады, сондықтан олар бір-біріне көмектесуі тиіс.

«Электр тізбегі» Қатысушылар жұппен арқаларын түйістіріп, жерге отырады. Олар қолдарын айқастырып, бір мезгілде тұруы керек. Содан кейін қатысушылар саны артады.

«Шырақ» Бір қатысушы шеңбердің ортасында тұрады. Ол көзін жұмып, денесін бос ұстайды. Шеңбердегілер оны ақырын бір-біріне итеріп, жығылудан сақтайды.

«Отырықшы шеңбер» Барлық қатысушылар шеңберге тығыз тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша олар бір-бірінің тізесіне отыруы керек.

Динамикалық және дамытушы ойындар

«Ток» Қатысушылар шеңберде қолдарын ұстап тұрады. Жүргізуші «ток» жібереді (қолды қысады). Қысу белгісі шеңбер бойымен жылдам өтуі керек.

«Қоян» Қатысушылардың бірі «қоян» болады, ол шеңбердің сыртында жүгіреді. Қалғандары оны ұстап алуға тырысады немесе оған кедергі жасайды.

«Сандық шеңбер» Қатысушылар көздерін жұмып, 1-ден бастап кезекпен санауы керек. Егер екі адам бір мезгілде бір санды айтып қалса, санау басынан басталады.

«Шатасу» Қатысушылар шеңбер құрып, қолдарын ұстайды, ал бір адамның қолдары әртүрлі адамдардың қолдарымен ұсталуы керек. Тапсырма: қолды ашпай, түйінді шешіп, шеңбер құру.

«Айна» Екі адам таңдалады — үнсіз және сөйлейтін «айналар». Жүргізуші айнаға қарайды, оның артында біреу тұрады. Үнсіз айна пантомимамен көрсетеді, сөйлейтін айна ассоциациялар айтады. Жүргізуші кім екенін табуы керек.

«Шеңбер бойынша массаж» Барлық қатысушылар шеңберге тұрады, осылайша жабық локомотив пайда болады. Әркім алдында тұрған адамның иығына массаж жасайды. Содан кейін бәрі кері бұрылып, қайталайды.

Ұлттық ойын технологиялары және олардың тәрбиелік мәні

Балалардың ұлттық ойындарды қолдануы — халықтық дәстүр негізінде тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Бұл ойындар физикалық белсенділікті арттырып қана қоймай, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға көмектеседі.

«Ақсүйек» Кешкі уақытта орталық аумағында ойналатын ең танымал ойындардың бірі. Жүргізуші ақсүйекті (немесе ақ түсті затты) алысқа лақтырады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, затты тауып, өз тобының белгіленген жеріне жеткізуі тиіс. Бұл ойын балалардың қараңғыда бағдарлау қабілетін, жылдамдығы мен тапқырлығын дамытады.

«Орамал тастамақ» Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртымен жүріп, байқатпай бір баланың артына орамал тастап кетеді. Егер ойыншы артында орамал жатқанын сезбей қалса, ол айыппұл ретінде өнер көрсетеді (ән айту, би билеу). Бұл жаттығу балалардың зейінін шоғырландыруға және көпшілік алдында өзін еркін ұстауға баулиды.

«Көтермек» Екі қатысушы арқаларын түйістіріп тұрады. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, кезекпен бірін-бірі арқасына көтереді. Бұл ойын балалардың күш-қуатын сынап, өзара сенім мен жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді.

«Сақина салу» Қатысушылар шеңберде қолдарын созып отырады. Жүргізуші алақанына сақинаны (немесе тиынды) жасырып, әркімнің қолына салғандай болып өтеді. «Сақинамды бер!» деген команда берілгенде, сақинасы бар ойыншы жылдам атып шығуы керек, ал қасындағылар оны жібермеуге тырысады. Ойын реакция жылдамдығы мен байқампаздықты дамытады.

«Хан талапай» Асық ойындарының ішіндегі ұжымдық түрі. Ортаға асықтар шашылып, «Хан» (ерекше түсті асық) тасталғанда, балалар асықтарды мүмкіндігінше көп жинауға тырысады. Бұл ойын ұсақ моториканы дамытып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, бәсекелестік орта құруға таптырмас құрал.

«Соқыртеке» Ортадағы ойыншының көзі байланады. Қалғандары оны айналып, түрлі дыбыстар шығарып мазалайды. Көзі байланған ойыншы біреуді ұстап алып, оның есімін тануы керек. Бұл ойын балалардың есту түйсігін және тактильді қабылдауын жақсартады.

Жобалық технология

Жобалық әдіс – белгілі бір мәселені шешуге бағытталған, нәтижеге бағдарланған, зерттеушілік және шығармашылық қызметті қамтитын педагогикалық технология.

Жобалық жұмыстың кезеңдері:

  • мәселені анықтау;
  • мақсат қою;
  • ақпарат жинау және талдау;
  • нәтижені әзірлеу;
  • қорғау және бағалау.

Жазғы мәдени-танымдық ауысымның жағдайында жобалық технология балалардың танымдық белсенділігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін дамытады. Мысалы, экологиялық жобалар, әлеуметтік бастамалар, шығармашылық жобалар балалардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.  

Тренингтік технологиялар

Тренинг – қатысушылардың тәжірибесі арқылы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған интерактивті оқыту формасы. Тренинг барысында балалар өз пікірін еркін білдіруге, топта жұмыс істеуге және өзін-өзі тануға мүмкіндік алады. Бұл технология балалардың әлеуметтік бейімделуін жақсартады, сенімділігін арттырады және тұлғалық дамуына жағдай жасайды.

Тренингтік жаттығулардың практикалық мысалдары:

  1. Коммуникативтік тренинг: «Ақпараттық тізбек»

Мақсаты: Вербалды қарым-қатынас дағдыларын дамыту және ақпараттың бұрмалану себептерін түсіну.

Барысы: 5-6 қатысушы есіктің сыртына шығады. Бірінші қатысушыға күрделі мәтін оқылады. Ол келесі адамды шақырып, естігенін айтады. Осылайша тізбек соңына дейін жалғасады.

Талқылау: Неліктен ақпарат өзгерді? Түсініспеушілікті болдырмау үшін не істеу керек?

  1. Көшбасшылық дағдыларды дамыту тренингі: «Көшбасшы және оның командасы»

Мақсаты: Жауапкершілікті бөлісу және топты басқару ерекшеліктерін зерттеу.

Барысы: Топқа белгілі бір уақыт ішінде «қағаздан ең биік мұнара тұрғызу» тапсырылады. Топ ішінен бір көшбасшы сайланады, бірақ ол жұмысқа қолмен араласпай, тек бағыт береді.

Талқылау: Көшбасшының нұсқаулары қаншалықты түсінікті болды? Команда мүшелері өздерін қалай сезінді?

  1. Тұлғалық өсу тренингі: «Менің жетістік ағашым»

Мақсаты: Өзін-өзі бағалауды арттыру және ішкі ресурстарды анықтау.

Барысы: Әр бала ағаштың суретін салады. Тамырына – өз бойындағы жақсы қасиеттерін, діңіне – қазіргі жетістіктерін, ал жапырақтарына – болашақтағы арман-мақсаттарын жазады.

Талқылау: Өзіңіздің мықты тұстарыңызды атау қиын болды ма? Қай бағытта даму керек?

  1. Конфликтіні шешу тренингі: «Көпір үстіндегі кездесу»

Мақсаты: Даулы жағдайларда компромисс табуды үйрену.

Барысы: Еденге жіңішке сызық («көпір») сызылады. Екі қатысушы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы жүріп, ортада кездеседі. Олар «суға құлап кетпей», бір-бірін өткізіп жіберудің жолын табуы керек.

Талқылау: Кім жол берді? Қандай стратегия (күш қолдану немесе келіссөз) тиімді болды?

  1. Эмоцияларды басқару тренингі: «Сезімдер галереясы»

Мақсаты: Эмоцияларды тану және оларды сыртқа дұрыс шығару.

Барысы: Қатысушыларға әртүрлі эмоциялар (ашу, қуаныш, үрей, таңғалу) жазылған карточкалар беріледі. Олар мимика мен жест арқылы сол сезімді көрсетеді, ал қалғандары оны табуы тиіс.

Талқылау: Жағымсыз эмоцияларды қалай бақылауға болады?

Аталған тренингтік жаттығулар балалардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз ете отырып, оларды өмірлік маңызды дағдыларға (soft skills) баулиды. Тәлімгерлер бұл технологияларды лагерьдің әр кезеңінде (танысу, бейімделу, қоштасу) мақсатты түрде қолдана алады.

 

7 бөлім. Жазғы мәдени-танымдық ауысымның қызметін қамтамасыз ететін кадрлық құрам:

Балалардың қауіпсіздігі мен тиімді демалысын ұйымдастыру үшін келесі мамандар тартылады:

  • Орталық директоры;
  • директор орынбасары;
  • аға тәлімгер;
  • шаруашылық меңгерушісі;
  • есепші;
  • диетбике;
  • медбике;
  • дене шынықтыру нұсқаушысы;
  • музыка жетекшісі;
  • тәрбиеші;
  • тәрбиешінің көмекшісі;
  • қосымша білім беру педагогтері;
  • педагог - ұйымдастырушы;
  • педагог-психолог;
  • кітапханашы

Жазғы мәдени-танымдық ауысымның жұмысын реттейтін құжаттар:

  • жазғы мәдени-танымдық ауысымның жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;
  • жазғы мәдени-танымдық ауысым қызметі туралы бұйрықтар;
  • жазғы мәдени-танымдық ауысымды ашу бойынша дайындық жұмысының жоспары;
  • штат кестесі;
  • жазғы мәдени-танымдық ауысымның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
  • жазғы мәдени-танымдық ауысымның бағдарламасы;
  • күн тәртібі;
  • жазғы мәдени-танымдық ауысымның жұмысының жоспар-кестесі;
  • балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі құжаттар (нұсқаулықтар, журналдар);
  • санитарлық кітаптар және қызметкерлерінің тізімі;
  • балалардың құжаттары
  • ауысымның аяқталуы бойынша есеп.

2.4 Тәрбие жұмысының инновациялық формалары мен іс-шаралар жүйесі

Жазғы мәдени-танымдық ауысымның тәрбие жұмысы   педагогикалық талаптарға сәйкес жүйелі. Тәрбие үдерісінің тиімділігі қолданылатын формалар мен әдістердің мазмұнына ғана емес, олардың өзара байланысы мен кезеңдік құрылымына да тәуелді.  

Іс-шаралар жүйесі логикалық тұрғыдан үш негізгі кезеңге бөлінеді: бейімделу кезеңі, негізгі даму кезеңі және қорытынды кезең. Бейімделу кезеңінде (алғашқы күндер) балалардың жаңа ортаға тез әрі қауіпсіз бейімделуіне жағдай жасалады. Бұл кезеңде ұжымдық біріктіру технологиялары (team building), танысуға бағытталған ойын әдістері (ice-breaking), сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін интерактивті форматта меңгерту кеңінен қолданылады. Аталған тәсілдер балалар арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға, психологиялық кедергілерді азайтуға және ұжымдық әрекетке дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  «Teamwork time» және «Team Building» іс-шараларын өткізгенде балалардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі айтарлықтай жақсарады, жаңа ортаға бейімделу процесі жеңілдейді. Ice-breaking ойындары арқылы әрбір бала өз пікірін білдіруге және топ ішінде еркін әрекет жасауға мүмкіндік алды. Қауіпсіздік ережелерін ойын форматында меңгерту балалардың қауіпсіздік дағдыларының тез қалыптасуына, жауапкершіліктің артуына ықпал етті. Осы шаралардың нәтижесінде ұжымда сенімділіктің артуы, балалардың эмоционалды жай-күйінің тұрақтануы және топтық әрекетке дайындықтың жоғарылауы байқалды.

  «Teamwork time» шарасы

 

 Шығармашылық-эстетикалық бағытта таланттар шоуы, көрмелер мен сахналық қойылымдар арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасалады. Сонымен қатар азаматтық-патриоттық және көшбасшылық бағыттарда экскурсиялар, тренингтер мен рөлдік ойындар ұйымдастырылып, балалардың әлеуметтік белсенділігі мен жауапкершілігі, сыни ойлау қабілеттері дамытылады.

 

  «Өнерлі өрендер» талантты шоуы

 

Рухани-адамгершілік және ұлттық тәрбие бағытында этнофестивальдер, ұлттық ойындар мен мәдени кештер арқылы балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен патриоттық санасы дамиды.

Экологиялық және танымдық бағытта эко-квесттер, пікірсайыс технологиялары және жобалық жұмыстар қолданылып, балалардың табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдылары қалыптастырылады. Зияткерлік бағытта викториналар, Quiz форматындағы ойындар мен оқу клубтары ұйымдастырылып, логикалық ойлау, сөйлеу мәдениеті және танымдық қызығушылық дамиды.

  «Үздік көшбасшы» танымдық Quiz ойыны

 

Қорытынды кезеңде тәрбие жұмысының нәтижелері жинақталып, балалардың жетістіктері бағаланады. Бұл кезеңде рефлексия, кері байланыс, гала-концерттер мен марапаттау рәсімдері сияқты инновациялық формалар қолданылады. Аталған іс-шаралар балалардың өз жетістіктерін түсінуіне, өзін-өзі бағалау деңгейінің артуына және жағымды эмоционалдық тәжірибенің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, ауысымдағы тәрбие жұмысының  іс-шаралар жүйесі бір-бірімен өзара байланысқан, кезеңдік және бағыттық негізде ұйымдастырылған кешенді педагогикалық үдеріс болып табылады. Мұндай жүйе балалардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың тұлғалық, зияткерлік және шығармашылық дамуына тиімді жағдай жасайды.

 

8 бөлім. Бағдарламаның нәтижелілігін бағалау және мониторинг жүргізу

Бағдарламаның нәтижелілігін бағалау — бұл тек есеп беру емес, баланың 10 күн ішіндегі тұлғалық өсуін, әлеуметтік бейімделуін және алған дағдыларын (Soft Skills) анықтау процесі. Біздің тәжірибемізде мониторинг үш деңгейде (бастапқы, ағымдағы, қорытынды) жүргізілді.

 

5-сурет. Жазғы мәдени- танымдық ауысымның нәтижелерінің инфографикасы

 

  1. Диагностикалық және мониторингтік технологиялар

Бағдарлама аясында біз келесі нақты мониторинг құралдарын қолданып, оң нәтижелерге қол жеткіздік:

«Күтулер ағашы» (1-күн): Бағдарламаның басында балалар өз мақсаттары мен қалауларын жазды. Бұл бізге әр жасақтың сұранысына қарай бағдарламаны икемдеуге мүмкіндік берді.

«Әлеуметтік карта» (Психологиялық мониторинг): Ойындар мен тренингтер барысында (мысалы, «Шатасу», «Көпір үстіндегі кездесу») балалардың топ ішіндегі рөлін бақыладық. Нәтижесінде, 3-күннен бастап оқшауланған балалардың 85%-ы ұжымдық жұмысқа (Team Building) тартылғаны анықталды.

  1. Бағыттар бойынша нәтижелілікті талдау

Біздің тәжірибемізде мониторинг бағдарламаның әр блогы бойынша нақты көрсеткіштерді берді:

Әлеуметтік-психологиялық бағыт: «DOS BOLIKE» күнінен кейін жүргізілген рефлексия балалардың бейімделу кезеңі 24 сағат ішінде аяқталғанын дәлелдеді. Бұл «Teamwork time» және танысу ойындарының тиімділігінің нәтижесі.

Спорттық-сауықтыру бағыты: «Спартакиада – 2026» нәтижесі бойынша балалардың физикалық белсенділікке деген ынтасы 40%-ға артты. Мониторинг балалардың тек жарысып қана қоймай, командалық рухты (Fair Play) бірінші орынға қойғанын көрсетті.

Зияткерлік және шығармашылық бағыт: «Quiz» ойындары мен «Таланттар шоуы» арқылы балалардың 100%-ы өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл бағдарламадағы «Сәт сапары» технологиясының (әр баланың көзге түсуі) жұмыс істегенін білдіреді.

  1. Сапалық және сандық көрсеткіштер (Тәжірибелік қорытынды)

Бағдарлама соңындағы (10-күн) «Digital Рефлексия» мен сауалнама нәтижелері келесідей жетістіктерді көрсетті:

Коммуникативтік дағдылар: Балалардың 95%-ы жаңа достар тауып, конфликтілерді келіссөз арқылы шешуді үйренді (Тренингтік технологиялардың нәтижесі).

Ұлттық таным: «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» күнінен кейін балалардың ұлттық ойындар мен дәстүрлер туралы білімі 60%-ға артты.

Бағдарламаның нәтижелілігін бағалаудың бұл жүйесі ауысымдағы тәрбие жұмысының тек көңіл көтеру емес, терең мағыналы педагогикалық процесс екенін дәлелдеді. Әрбір іс-шарадан кейін жүргізілген мониторинг — біздің «Жүз дескенше, досым!» атты қоштасу кешінде балалардың көзіндегі қимастық пен «келесі жылы міндетті түрде келемін» деген уәдесімен нақтыланды.

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жазғы мәдени-танымдық ауысымның – бұл тек демалыс орны емес, баланың әлеуметтік бейімделуі мен тұлғалық дамуына арналған бірегей педагогикалық кеңістік. 2024-2026 жылдарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен «DOS BOLIKE – Бірлік бастауы» бағдарламасын іске асыру тәжірибесі көрсеткендей, ауысымдағы тәрбие жұмысының табыстылығы.   Ойын, жобалау, тренинг арқылы біз балалардың бос уақытын мазмұнды етіп қана қоймай, олардың өмірлік маңызды дағдыларын (Life Skills) қалыптастыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік.

Тәжірибелік мониторинг нәтижелері көрсеткендей, ұйымдастыру кезеңіндегі «Teamwork time» және танысу ойындары бейімделу процесін 24 сағат ішінде аяқтауға мүмкіндік береді. Ал «Спартакиада – 2026» сияқты спорттық блоктар балалардың физикалық белсенділігін 40%-ға арттырып, командалық рухты нығайтты. Сонымен қатар, «Бауырсақ FEST» пен ұлттық ойындар (Ақсүйек, Хан талапай) арқылы балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы 60%-ға өскенін байқадық. Бұл көрсеткіштер лагерьдегі тәрбие жұмысының дұрыс бағытта екенін дәлелдейді.

  Жазғы мәдени-танымдық ауысымның 10 күндік ауысымы — бұл бала үшін кішігірім өмір. Егер біз жоғарыда аталған инновациялық формалар мен қауіпсіздік шарттарын сақтай отырып жұмыс істесек, балалар ауысымнан тек демалып қана қоймай, жаңа біліммен, сенімділікпен және өмірлік достармен оралады. Бұл бағдарламаның басты нәтижесі — баланың «Жүздескенше, досым!» деп қимай қоштасуы және келесі маусымды асыға күтуі. Ауысымдағы тәрбие жұмысының сапасы — мемлекетіміздің болашақ саналы ұрпағын қалыптастырудың кепілі.

 

 

9 бөлім Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

  1. Хамитова Л. И. Балаларды тәрбиелеуде педагогикалық қолдау технологиясы // Негізгі ғылыми проблемалар: мақалалар жинағы. – 2017. – Б. 145.
  2. Досанова С. С. және т.б. Балалардың демалыс уақытындағы педагогикалық мақсатты бағыттар: Қазақстандық тәжірибе // Адам туралы ғылым: гуманитарлық зерттеулер. – 2015. – № 3 (21). – Б. 67-72.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша 2024–2026 жылдарға арналған әдістемелік ұсыныстар.
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығы. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту – URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033166
  5. Кругликова Г. Г., Линкер Г. Р. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру теориясы мен әдістемесі: оқу құралы // Нижневартовск: Нижневартовск гуманитарлық университетінің баспасы, 2011

БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ/ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ

ҚЫЗМЕТІН РЕГЛАМЕНТТЕЙТІН

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_
  2. «Бала құқықтары туралы Конвенция» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/B940001400_
  3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы шілдедегі № 319-III Заңы - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
  4. «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_/links#to
  5. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000591_
  6. «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414
  7. «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелді. - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329
  8. «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026513
  9. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023890
  10. «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029092
  11. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026867
  12. «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы қарашадағы № 68 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400009923
  13. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294 бұйрығымен бекітілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы».

 

2-қосымша

 

БЕКІТЕМІН

«Дарын» қосымша білім беру

орталығының директоры

________________ (Аты-жөні)

«___» ________ 2026 ж.

 

«DOS BOLIKE – Бірлік бастауы» жазғы мәдени- танымдық ауысым  туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «DOS BOLIKE – Бірлік бастауы» қала сыртындағы жазғы мәдени- танымдық ауысымның (бұдан әрі – ЖМТа) қызметін реттейді.

1.2. Жазғы мәдени-танымдық ауысым 11 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін ұйымдастырылады.

1.3. Қызметін ҚР заңнамасына, 2024-2026 жылдарға арналған әдістемелік ұсынымдарға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.4. Мақсаты: Балалардың белсенді демалысын ұйымдастыру, олардың шығармашылық дамуын, ұлттық құндылықтарды меңгеруін және сауығуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.

1.5. Міндеттері:

  • Бала бойында патриоттық сезімді дамыту, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру;
  • Зорлық-зомбылық пен агрессияға теріс көзқарас қалыптастыру, инклюзивті ортада бір-бірін құрметтеуге баулу;
  • Спорт пен туризмге қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Интеллектуалды (IT-шешімдер, Quiz) және коммуникативті (Soft Skills) дағдыларды дамыту.

2. Іс-әрекет және қызмет ету шарттары

2.1.  Жазғы мәдени-танымдық ауысым қызметі тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен қабылдау актілері негізінде жүзеге асырылады.

2.2. Жазғы мәдени-танымдық ауысым стационарлық базада, табиғи жағдайларда орналастырылады және терроризмге қарсы қорғалу, қоғамдық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталады.

2.3. Балалардың жасы мен мүдделеріне қарай жасақтар (топтар) құрылады. Жазғы мәдени-танымдық ауысымның негізгі тіл – мемлекеттік тіл.

2.4. Жауапкершілік: Жазғы мәдени-танымдық ауысымның әкімшілігі балалар мен жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына, тәрбие бағдарламасының орындалуына және тамақтану сапасына заң алдында жауапты.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Жазғы мәдени-танымдық ауысым бастығы: Қызметті жоспарлайды, мүлікке билік етеді және ата-аналар қоғамымен байланыс үшін жауап береді.

3.2. Педагогикалық ұжым: Тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін Педагогикалық кеңес құрылады. Педагогикалық қызметке тиісті білімі бар, заңнама талаптарына сай тұлғалар жіберіледі.

3.3. Әкімшілік міндеті: Ата-аналарды осы Ережемен және ішкі тәртіппен таныстыруға, ақпаратты әлеуметтік желілерде қолжетімді етуге міндетті.

4. Жұмыстың мазмұны, формалары мен әдістері

4.1. Жұмыс мазмұны «DOS BOLIKE» бағдарламасына негізделеді:

Спорттық-сауықтыру: Спартакиадалар, эстафеталар, таза ауадағы ойындар.

Мәдени-танымдық: «Ұлттық мұра» жобалары, ұлттық ойындар (Ақсүйек, Асық ату).

Интеллектуалдық: Квестер, Quizizz викториналары

 

5. Нормативтік-құқықтық құжаттама

Жазғы мәдени-танымдық ауысымында келесі құжаттардың болуы міндетті:

  • жазғы мәдени-танымдық ауысым бағдарламасы мен тәрбие жұмысының жоспар-кестесі;
  • Штат кестесі және лауазымдық нұсқаулықтар;
  • Қауіпсіздік техникасы журналы және нұсқаулықтар;
  • Балалардың жеке істері (жолдама, медициналық анықтама, туу туралы куәлік көшірмесі);
  • Күн тәпртібі және ас мәзірі.

6. Ата-аналармен жұмыс және ішкі тәртіп

6.1. Ата-ана міндеттері:

  • Баланы маусымдық киіммен, гигиеналық заттармен қамтамасыз ету;
  • Кетуден 10 күн бұрын медициналық тексерістен өткізу;
  • Баланың ерекшеліктері (аллергия, мінез-құлық) туралы хабарлау.

6.2. Тыйым салынады: Балаларды аумақтан рұқсатсыз алып кетуге, жазғы мәдени-танымдық ауысымға тез бұзылатын тағамдарды (шұжық, торт, газдалған сусын), өткір заттарды, оттықтарды және қымбат әшекейлерді әкелуге тыйым салынады.

6.3. Ата-аналар күні: Сенбі сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін.

7. Ережені өзгерту шарттары

7.1. Осы Ереже бекітілген сәттен бастап күшіне енеді. Барлық толықтырулар мен өзгерістер жазбаша түрде ресімделіп, мөрмен бекітіледі.

 

 

 

3-қосымша

ЖАЗҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМДА ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже жазғы мәдени-танымдық ауысымда   өткізілетін «Болашаққа қадам» атты балалар жобалары байқауының мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін және бағалау критерийлерін анықтайды.

1.2. Байқау балалардың шығармашылық, зерттеушілік және әлеуметтік белсенділігін қолдауға бағытталған.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Балалардың жобалық ойлау қабілетін дамыту, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларын қолдау.

Міндеттері:

Балаларды зерттеу жұмысының негіздеріне баулу;

Командада жұмыс істеу және өз ойын қорғау дағдыларын қалыптастыру;

жазғы мәдени-танымдық ауысым өмірін жақсартуға бағытталған практикалық идеяларды іске асыру.

  1. Байқаудың бағыттары (номинациялар)

«Жасыл әлем» (Экологиялық жоба): Табиғатты қорғау, қоқысты сұрыптау, лагерь аумағын көгалдандыру.

«Ұлттық мұра» (Мәдени-танымдық жоба): Қазақ халқының салт-дәстүрін, ойындарын немесе тарихын дәріптеуге арналған бастамалар.

«Мейірімді жүрек» (Әлеуметтік жоба): Достық, өзара көмек және лагерьдегі инклюзивті ортаны дамыту.

  1. Қатысушыларға қойылатын талаптар

4.1. Байқауға жазғы мәдени-танымдық ауысымда   демалушы 11-13 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

4.2. Жобаны жеке автор ретінде немесе топтық (3-5 адам) түрде ұсынуға болады.

  1. Жобаны рәсімдеу және қорғау тәртібі

Жобалық жұмыс келесі құрылымнан тұруы тиіс:

Атауы: Жобаның қысқа әрі нұсқа аты.

Мәселе: Неліктен бұл тақырып маңызды? (Мысалы: «жазғы мәдени-танымдық ауысымда   ұлттық ойындар аз ойналады»).

Мақсат: Не істегіміз келеді? (Мысалы: «Ұлттық ойындар фестивалін ұйымдастыру»).

Әрекет жоспары: Жобаны қалай іске асырамыз?

Нәтиже: Соңында не болады? (Макет, сурет, бағдарлама, акция).

  1. Бағалау критерийлері

Қазылар алқасы (тәлімгерлер, әдіскерлер) жобаларды 10 балдық жүйемен келесі критерийлер бойынша бағалайды:

Өзектілігі:   жазғы мәдени-танымдық ауысым үшін маңыздылығы.

Шығармашылық көзқарас: Идеяның жаңалығы мен ерекшелігі.

Практикалық қолданысы: Жобаны жазғы мәдени-танымдық ауысым жағдайында шынайы іске асыру мүмкіндігі.

Қорғау деңгейі: Сөйлеу мәдениеті, сұрақтарға жауап беру және көрнекіліктерді (презентация, макет) қолдану.

  1. 7. Марапаттау

7.1. Жеңімпаздар номинациялар бойынша І, ІІ, ІІІ  орын дипломдармен   марапатталады.

 

«Жобалар байқауының» бағалау парағы (4-9 күндерге)

Қазылар алқасы үшін (Педагог-ұйымдастырушы қолданады).

№

Жобаның атауы

Өзектілігі (1-5)

Шығармашылық (1-5)

Қорғау деңгейі (1-5)

Жалпы балл

1

«Эко-патруль»

       

2

«Болашақ қаласы»

       

3

«Ұлттық мұра»

       

Төрешінің ескертуі: _________________________________________________

 

 

 

 

 

4-қосымша

Баланың жеке-психологиялық картасы (Келу кезеңі)

Бұл сауалнама 1-күні ата-аналардан немесе балалардың өздерінен алынады.

Баланың аты-жөні: _________________________________________________

Жасы: __________ Жасағы: __________

  1. Жазғы мәдени-танымдық ауысымда  не күтесің? (Жаңа достар, спорт, өнер, демалыс)
  2. Сенің сүйікті ісің (хоббиің): _______________________________________
  3. Денсаулық ерекшеліктерің (аллергия, созылмалы аурулар): _________
  4. Топтық жұмыста өзіңді қалай сезінесің? (Көшбасшымын / Орындаушымын / Тұйықпын)
  5. Біз сен туралы тағы не білуіміз керек? _______________________________

 

5-қосымша

«Күнделікті рефлексия» парағы (Әдістемелік құрал)

Әр күннің соңында тәлімгерлер жасақ ішінде толтырады.

Күні: ____ Бағыты: ____________________ (мысалы: Экологиялық)

  1. Күннің ең сәтті өткен шарасы: _____________________________________
  2. Балалардың белсенділік деңгейі (1-10 балл): __________
  3. Туындаған қиындықтар немесе конфликтілер: _______________________
  4. Ерекше көзге түскен балалар (мадақтау үшін): _______________________
  5. Ертеңгі күнге түзетулер: ___________________________________________

 

 

 

6-қосымша

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналы (Үлгі)

1-күні барлық балаларға қол қойдырылады.

№

Баланың аты-жөні

Нұсқаулық түрі

Күні

Қолы

1

 

Өрт қауіпсіздігі

01.06.2026

 

2

 

  Күн өтуден сақтану

01.06.2026

 

3

 

 

01.06.2026

 

 

 

 

 

 

 

7-қосымша

Ауысым соңындағы «Кері байланыс» сауалнамасы (10-күн)

Бағдарламаның нәтижелілігін мониторингілеу үшін.

  1. Жазғы мәдени-танымдық ауысымда 10 күн ішінде есіңде ең көп қалған оқиға: _________________
  2. Саған қай іс-шара ұнамады және неге? ______________________________
  3. Сен жаңадан не үйрендің? (Soft Skills: көшбасшылық, командада жұмыс)
  4. Тәлімгерлердің жұмысын қалай бағалайсың? (Өте жақсы / Жақсы / Орташа)
  5. Келесі жылы қайтып келер ме едің? (Иә / Жоқ)

 

      Сауалнама                     

  1. Аты-жөнің кім?________________________________________________

 

  1. Туған күнің, жылың, айың?_____________________________________

3.Қай ауданнан, қаладан келдің?__________________________________________________________

  1. Жазғы мәдени-танымдық ауысымына алғаш рет келуің бе?______________________________________________________________
  2. Осы ауысымға келгеннен кейінгі көңіл-күйің қандай?

а) көңілдімін, мында жақсы.

б) ынтам жоқ, көңілсізбін.

в) жауап беруге қиналамын.

  1. Ауысымға келгеннен кейін қиындықтар болды ма?

 а)  иә (қандай)____________________________________________________

ә)  жоқ,  қиындықтар болған жоқ

в) жауап беруге қиналамын

  1. Басқа балалармен достасып үлгердің бе?

а)  иә, достарым көп

ә) жоқ, әлі таппадым.

б) жауап беруге қиналамын

  1. Ауысымдағы балалардың қарым-қатынасын қалай бағалар едің?

а) барлығы ұйымшыл

б) барлығы өзімен -өзі

в)басқа жауап

  1. 9. Қандай іс-шара ерекше есіңде қалды?_________________________________________________________
  2. Бес балдық жүйемен өзіңе қандай баға берер едің (лагердегі белсенділігің)?_____________________________________
  3. Ауысымның ұйымдастырушылық жұмысын қалай бағалайсың?

а) жоғары

ә) қанағаттанарлық

б)төмен

в)жауап беру қиын

  1. Ауысым туралы өз ойыңды жазып кет_____________________________________________________________________________________________________________________________

                                 Жауаптарың үшін рахмет.

                                                 

                                    

                                    

                                                   Сауалнама                     

  1. Аты-жөнің кім?________________________________________________

 

  1. Туған күнің, жылың, айың?_____________________________________
  2. 3. Қай ауданнан, қаладан келдің?__________________________________________________________
  3. Ауысым алғаш рет келуің бе?______________________________________________________________
  4. Осы ауысымға келгеннен кейінгі көңіл-күйің қандай?

а) көңілдімін, мында жақсы.

б) ынтам жоқ, көңілсізбін.

в) жауап беруге қиналамын.

6Ауысымға келгеннен кейін қиындықтар болды ма?

 а)  иә (қандай)____________________________________________________

ә)  жоқ,  қиындықтар болған жоқ

в) жауап беруге қиналамын

  1. Басқа балалармен достасып үлгердің бе?

а)  иә, достарым көп

ә) жоқ, әлі таппадым.

б) жауап беруге қиналамын

  1. Ауысымдағы балалардың қарым-қатынасын қалай бағалар едің?

а) барлығы ұйымшыл

б) барлығы өзімен -өзі

в)басқа жауап

  1. 9. Қандай іс-шара ерекше есіңде қалды?__________________________________________________________
  2. Бес балдық жүйемен өзіңе қандай баға берер едің (лагердегі белсенділігің)?_____________________________________
  3. Ауысымның  ұйымдастырушылық жұмысын қалай бағалайсың?

а) жоғары

ә) қанағаттанарлық

б)төмен

в)жауап беру қиын

  1. Ауысым туралы өз ойыңды жазып кет_______________________________________________________________________________________________________________________________

                                        Жауаптарың үшін рахмет.

                                                             

 

Осылайша, «Жазғы мәдени- танымдық ауысымды ұйымдастыру  » атты   бағдарлама жазғы демалыс кезеңін тиімді ұйымдастыруға, балалардың жан-жақты дамуына және қауіпсіз, тәрбиелік ортаны қалыптастыруға бағытталған кешенді  жоба болып табылады.

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 мая 2026
Дата обновления
28 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
«Dosti» компаниялар тобы» ҒӨБ» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы
Ақпарат
28 мая 2026
«ЖАЗҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Ақпарат
28 мая 2026
“ЕВРАЗИЯ” ТУРИСТІК КЕШЕНІ МЕН “САМАЛ” ТУРИСТІК ЛАГЕРІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы