БІЛІМ БЕРУ

Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту:

Облыста  32,3 мыңнан астам баланы қамтыған 556 (378-і мемлекеттік, 178-і жеке меншік) мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді.

Анықтама: Мемлекеттік  мектепке дейінгі ұйымдар қатарында 147 балабақша, 62 «мектеп-балабақша кешені», 169  шағын орталық болса, жеке 177 балабақша,  1 жеке шағын орталық.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 2 мен 6 жас- 84.2%, 3 пен 6 жас – 100 %.

МДҰ желісін көбейту бағытында 2025 жылы 2387 орындық 31 мектепке дейінгі ұйым ашылды .

Мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 4 468 педагог қызмет атқарады.

 

Жалпы орта білім беру:

2025-2026 оқу жылында облыста 126221 оқушы контингентімен 382 мектеп (363 мемлекеттік күндізгі, 2 кешкі, 14 жеке мектеп) жұмыс жасайды.

Жалпы білім беретін мектептердің 256-сы немесе 67%-ы оқыту қазақ тілінде жүргізеді (65212 оқушы).

Шағын жинақты мектептер желісі облыста – 205 (53.6%) бірлікті құрайды (14 мыңнан астам оқушы).

Облыс бойынша оқушылардың білім сапасы 60,7% құрады.

9 сыныпты 10770 оқушы, 11-сыныпты 7195 оқушы аяқтады, оның ішінде 332 түлек "Алтын белгі" төсбелгі иегерлері атанды.

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсында 8 оқушы жүлделі орынға ие болды (2 күміс, 6 қола).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде 19 жеңімпаз анықталды, оның ішінде  6 алтын, 5 күміс, 8 қола, ол 35% құрайды (2024-2025  оқу жылында І орын – 3, ІІ орын – 4; ІІІ орын – 17. Барлығы 24 орын, ол 34%  құрады).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін Батыс Қазақстан облысының командасына ІІ дәрежелі "Ең үздік олимпиадалық команда -2025" атағы берілді.

Казталов ауданы К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Абуханова Саида «Үздік ауыл мектебінің оқушысы»  атағына ие болды.         

Олимпиаданың республикалық кезеңінде оқушылары жүлделі орындарға ие болған облысымыздың 6 мектебі (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Казталов ауданы А.Оразбаева және К.Мендалиев атындағы ЖОББМ, Орал қаласы Д.Қонаев атындағы №44 МГ) республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарынан кірді.

Соның шінде 2025 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша  республикалық олимпиаданың кезеңі Орал қаласында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың кезеңінде 2025-2026 оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысы «Үздік олимпиадалық команда ІІ дәрежелі дипломмен, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысы «Үздік олимпиадалық команда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы облыс командасының қоржынында 4 алтын, 9 күміс, 18 қола медаль (2024 жылы 28 оқушы  анықталды, 8 алтын, 8 күміс, 12 қола. Жаратылыстану-математика мен қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» аталымы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Зайдуллина Арунаға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Үздік ауыл мектебінің оқушысы – 2024» атағы берілді).

2025 жылы жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадаға 13 оқушы республикалық кезеңге қатысты. Республикалық кезеңінен ІІ орын – 1, ол 8% құрайды(2024 жылы 9 оқушы республикалық кезеңге қатысты, ІІ орын-1). 

Дата публикации
14 января 2026