Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Облыс бойынша 32,3 мыңнан астам баланы қамтыған 556 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, оның ішінде 378-і мемлекеттік, 178-і жеке меншік.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар қатарында 147 балабақша, 62 «мектеп-балабақша кешені», 169 шағын орталық болса, жеке 177 балабақша, 1 жеке шағын орталық жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі білім берудің сапалы көрсеткіші 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтерімен қамтудың жоғары пайызы болып табылады-100%.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту көрсеткіші –93.7% .
2025 жылы 2387 орынға арналған 31 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды.
ҚР Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орналастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 4 468 педагог, қызмет атқарады, оның ішінде 3201 - директор, әдіскер, тәрбиешілер болса, 1267 басқа мамандар.
Жалпы орта білім
Облыс бойынша 382 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 363 күндізгі мемлекеттік, кешкі– 2, арнайы– 3, жеке - 14.
Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 256 мемлекеттік тілде, 9 орыс тілінде, 117 аралас тілде оқиды.
Мектеп оқушыларының контингенті барлығы 126 221 құрайды, оның ішінде мемлекеттік – 123213, кешкі-107, жеке – 2 395, арнайы – 506 оқушы.
Облыста 205 шағын жинақталған мектеп қызмет етеді, бұл жалпы мектептер санынан 53.6% құрайды.
9 сыныпты 10771 оқушы, 11-сыныпты 7195 оқушы аяқтады, оның ішінде 332 түлек "Алтын белгі" төсбелгі иегерлері.
Облыс бойынша білім беру ұйымдарына 68 елді-мекендерден 56 мектепке 4754 оқушыға күнделікті тасымал ұйымдастырылуда. 63 бірлік автокөлік тасымалды қамтамасыз етеді. Облыс бойынша 50 интернат жұмыс жасайды, оның ішінде 34-і (67%) типтік, 16-і (33%) бейімделген, ондағы бала саны 1979.
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына облыстан 13 оқушы қатысып, 8-і жүлделі орынға ие болды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде 19 жеңімпаз анықталды, оның ішінде 6 алтын, 5 күміс, 8 қола, ол 35% құрайды (2024-2025 оқу жылында І орын – 3, ІІ орын – 4; ІІІ орын – 17. Барлығы 24 орын, ол 34% құрады).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін Батыс Қазақстан облысының командасына ІІ дәрежелі "Ең үздік олимпиадалық команда -2025" атағы берілді.
Казталов ауданы К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Абуханова Саида «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» атағына ие болды.
Олимпиаданың республикалық кезеңінде оқушылары жүлделі орындарға ие болған облысымыздың 6 мектебі (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Казталов ауданы А.Оразбаева және К.Мендалиев атындағы ЖОББМ, Орал қаласы Д.Қонаев атындағы №44 МГ) республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарынан кірді.
Соның шінде 2025 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша республикалық олимпиаданың кезеңі Орал қаласында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың кезеңінде 2025-2026 оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысы «Үздік олимпиадалық команда ІІ дәрежелі дипломмен, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысы «Үздік олимпиадалық команда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы облыс командасының қоржынында 4 алтын, 9 күміс, 18 қола медаль (2024 жылы 28 оқушы анықталды, 8 алтын, 8 күміс, 12 қола. Жаратылыстану-математика мен қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» аталымы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Зайдуллина Арунаға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Үздік ауыл мектебінің оқушысы – 2024» атағы берілді).
2025 жылы жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадаға 13 оқушы республикалық кезеңге қатысты. Республикалық кезеңінен ІІ орын – 1, ол 8% құрайды(2024 жылы 9 оқушы республикалық кезеңге қатысты, ІІ орын-1).