Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

      Кәсіпкерлік субъектілерін жұмылдыру, тарту, қатыстыру мақсатында, сондай ақ Қазақстан Рспубликасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 12 тармағына сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» ММ-сі   «Батыс-Қазақстан облысы Бөрлі ауданы мектептерінің   асханаларын сенімгерлік басқару, құрал –жабдықтарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу» МЖӘ-нің жоспарланып отырған жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлайды.

Жобаның іске асыру орны: Батыс-Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы».

Жобаның міндеті мен мақсаты: Жобаның мақсаты мектеп оқушыларына сапалы тамақтандыру қызметін көрсету үшін   мектеп асханаларын ағымдағы жөндеуден өткізіп, тозығы жеткен асхана құрылғыларын жаңаға ауыстыру болып табылады.

Мемлекеттік әріптес:

-1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- аз қамтылған отбасы балаларын және басқа да  категорияларға жататын балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

Жеке әріптесті айқындаудағы болжалды тәсілі:

Жеке әріптесті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі» туралы Заңның 31-бабына сәйкес  конкурс тәсілімен айқындайды.

            МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 5 - 8 жыл аралығы (2021-2029 ж.).

            Жеке әріптес:

-жобаны іске асыру үшін өз қаржы көздерін тартады;

-мектеп асханаларында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

-мектеп асханаларында жетіспейтін құрылғыларды сатып алу мен тозығы жеткен құрылғыларды жаңаға ауыстыру;

-МЖӘ объектісіне пайцдалану қызмет көрсетуге дайындау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.

- барлық мектеп оқушыларын,соның ішінде 5-11 сынып оқушыларына  ақылы түрде сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру ;

- мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметшілеріне тамақтандыруды ұйымдастыру.

Соңғы ұсыныстар беру мерзімі  26.10.2020 дейін.

     Анықтамалар үшін: «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-сі, мекенжайы: Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72, каб 213, тел: +7 (7112) 26 04 78, электрондық пошта: Ghpuozko@mail.ru, Экономикалық талдау және мемлекеттік сатыап алу бөлімінің бас маманы Мукактова Раушан Охасқызы.

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлама
Дата публикации
15 октября 2020