Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық мамандандырылған білім беру ұйымына қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының №2-қосымшасына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 №56 бұйрығы редакциясымен) Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ-нің қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.