Батыс Қазақстан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫ

Батыс Қазақстан облысының

2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың

АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫның

2023 жылға орындалуы туралы

 

Аймақтық жоспарда жалпы 82 іс-шара қарастырылған. Жасалған талдаулар іс-шарадағы 2023 жылғы кейбір көрсеткіштердің орындалмағанын көрсетті.

  1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында (31 мемлекеттік балабақшаларда) пәндік-кеңістікті дамыту ортаны жаңғырту (МЖМСБ)» (Жоспар-3, Факт-1) Орал қаласы білім бөлімінің № 48 "Мұрагер" бөбекжай-балабақшасында "Өсу нүктелері" құзыреттілік орталықтарының жобасы енгізілді.

            «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары ұйымдастырылды. Бөбекжай топтарының пәндік-дамытушы орталары жабдықталып, жасақталды. Қаражаттың бөлінбеуіне байланысты қалған ортаны жаңғырту жұмысы жүргізілмеді.

  1. Білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізу (Жоспар-6, Факт-4). 2023 жылы 6 білім беру объектілерінде күрделі жөндеу аяқталып пайдалануға берілу жоспарланды. 4 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталды (Бөкей ордасы ауданы Жәңгір хан мектебі, Казталов ауданы Казталов мектеп-лицейі, Бәйтерек ауданының Чувашка мектебі, Тасқала ауданы Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешені  ).2 мектептің (Ақжайық ауданының Базартөбе мектебі, Бәйтерек ауданының Раздольное мектебі) жұмыстары аяқталмады.
  2. Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету (Жоспар-100%, Факт – 99,1%).

Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушыларының 49 476 немесе 99,1% қамтылса, 25 мектепте 446 бала немесе 0,9 % буфеттік тамақпен қамтылып отыр.

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінде «Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен жүз пайыздық қамтуды қамтамасыз ету» көрсеткіші (Жоспар-4 000, Факт-3932) 2023 жыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыспен 3932 білім алушы қабылданды.
  2. ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі (Жоспар-75%, Факт-69,4%%) Облыс бойынша 36 колледжден 25 колледжінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.
  3. ТжКБ ұйымдарында жұмыс істеу үшін өндірістен мамандарды тарту ( Жоспар-30, Факт-16). 2023 жылы 3 колледжге 16 педагог өндірістен тартылды.

 

«БЕКІТЕМІН»

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Н.Т.Төреғалиев

___________

 «___» ____________ 2023 жыл

«БЕКІТЕМІН»

ҚР Оқу-ағарту министрі

Ғ. Б.Бейсембаев

___________

«___» ___________ 2023 жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының

2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың

АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫ

 

№

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты

Орындалуы туралы ақпарат

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

 

1.             

Кезектіліктің ұлғаюын ескере отырып, жекеменшік балабақшаларда 12888 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 3 429  орын;

2024 ж. – 3 429  орын;

2025 ж. – 3 430  орын;

2026 ж. – 1300 орын;

2027 ж. – 1300  орын.

2023-2027 жж.

Аудан (қала) әкімдіктері

Қаржы басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері

Жоспар-3429 орын, Факт-3454 орын.

Облыс бойынша 34 мыңнан астам баланы қамтыған 542 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, оның ішінде 387-і мемлекеттік, 155-і жеке меншік.

Барлығы облыс бойынша кезекте 0-6 жас - 7035, соның ішінде  0 жас- 1493 бала, 1 жас- 2738 бала, 2 жас- 2804.

2023 жылы 3454 орынға арналған 36 МДҰ ашылды.

АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫ
Дата публикации
20 сентября 2024