Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адам саудасы – адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату
немесе оларға қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не қанау
мақсатында азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ өзге де
іс-әрекеттерді жасау, оның ішінде күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру
немесе өзге де мәжбүрлеу тәсілдерін қолдану, алдау немесе сенімді теріс пайдалану,
қызмет бабын, материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану арқылы жасау;

2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ
Дата публикации
19 июля 2024