Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 111-VIII ҚРЗ
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 111-баптың 3-тармағы "адамдарды қоспағанда)" деген сөздерден кейін "
агенттіктің," деген сөзбен толықтырылсын;
2) 117-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала
тастап кетілген, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
келіп түскен және жеткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына хабарлауға міндетті."