Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 112-VIII ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 112-VIII ҚРЗ
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:
"135-1-бап. Лауазымды адамдардың жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу
фактілері туралы хабарламауы
1. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына жаңа туған баланы
тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді

2024 жылғы 5 шілдедегі № 112-VIII ҚРЗ
Дата публикации
05 июля 2024